«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОТТАН ЖАПА ШЕККЕНДЕР АЗАЯР ЕМЕС

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ақжар ауданындағы Талшық ауылында түн ортасынан ауған шақта 4 пәтерлі 2 үй отқа оранды. Пәтер иелері ұйықтар алдында темекі тартып, тұқылын үйдің дәлізіне тастай салған. Осының салдарынан темекі шеккен екеу – 42 жастағы әйел мен 46 жастағы ер адамды күйік шалып және иіс тиіп, орталық аудандық ауруханаға жеткізілді. Өрт шарпыған аумақ – 200 шаршы метр.

Петропавл қаласының Вознесенский көшесіндегі жекеменшік аулада кеш түскенде үй иесінің танысының қасақана өрт қоюының салдарынан қора-қопсы отқа оранды. От оның қабырғасын зақымдаса, от қоюшыны термиялық күйік шалып, ол қалалық ауруханаға жеткізілді.

Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның Салқынкөл ауылында 3 пәтерлі тұрғын үйде электр сымының қысқа тұйықталуы өрттің шығуына себеп болған. От өрт сөндірушілердің арқасында 1 сағаттың ішінде ауыздықталды. Тұрғындар зардап шеккен жоқ.

М.Жұмабаев ауданының Булаево қаласында жергілікті қазынашылық басқармасына тиесілі көмір қоймасында өрт болды. От қойманың жарты қабырғасын және төбе жабындысын, 2 тонна көмірді жалмады. №12 өрт сөндіру бөлімінің мамандары қалған 30 тонна көмір мен 10 текше метр отынды сақтап қалды. Жергілікті куәгерлердің айтуынша, көмірді сақтауда өрт қауіпсіздігін сақтау ережелерінің бұзылуынан “қара алтын” өздігінен тұтанған. Әрі көмір мен ағаш бір жерде сақталып, көмір қабатының температуралық режімі жүйелі түрде қадағаланбаған. Ғ.Мүсірепов атындағы аудандағы Рузаев ауылының тұрғынының 4 жастағы немересі шөпте сіріңкемен ойнаған. Баланың бұл “ойынының” соңы 4 тонна шөптің өртеніп кетуімен тынды. Бақытына қарай, бала оттан зардап шеккен жоқ.  

Петропавл қаласындағы “Горизонт” саяжай қоғамының бір саяжай үйінде өрт қауіпсіздігі ережесі бұзып салынған жылыту пешінен өрт шықты. Мұның салдарынан үй мен монша толық өртеніп кетті.

15 қыркүйек күні түстен кейін Айыртау ауданының №7 өрт сөндіру бөліміне Светлое ауылында “Жарқын СК” ЖШС-нің қырманының аумағында орналасқан “БСХ-32″ маркалы бидай кептіргіште орын алған өрт жайында хабар түседі. Отты ауыздықтауға аталмыш өрт бөлімі мен “Жарқын СК” ЖШС-нің ерікті өрт сөндіруші құрамы ат салысты. Өрт кешкі сағат 21-де ауыздықталды. От 2,5 тонна бидайды жалмады. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp