Бесінші шақырылымдағы Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың кезектен тыс жиырмасыншы сессиясы 2013 жылғы 24 қыркүйекте сағат 10.00-де облыстық мәслихаттың кіші залында өтеді. Мекенжайы: Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 38.
Депутаттар жиналысының қарауына келесі негізгі мәселе ұсынылады:
“2013-2015 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысының облыстық бюджеті туралы” Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты сессиясының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы №10/1 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.