«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨЗ ЕМХАНАҢЫЗДЫ ТАҢДАҢЫЗ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстан Республикасының Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін енгізу шеңберінде үстіміздегі жылғы 15 қыркүйек пен 15 қараша аралығындағы кезеңде еліміздің әрбір азаматы емхананы (дәрігерлік амбулаторияны) немесе дәрігерді өз еркімен таңдауға құқылы. 

Алғашқы медициналық-санитарлық көмек емханаға тіркелген жағдайда ғана көрсетіледі. Азамат емхана мен дәрігерлік амбулаторийге тұрғылықты немесе уақытша мекенжай, жұмыс, оқу орны бойынша тіркеле алады. Медициналық ұйымға тіркелу бір әкімшілік-аумақтық бірлік (елді мекен) шеңберінде жүзеге асырылады. Азамат тек бір емхана мен бір дәрігерлік амбулаторийге тіркелуге құқылы.  

Азамат қалаған емханаға тіркелу үшін бұрынғы емхананың тіркеуінен шыққандығын растайтын құжат алуы тиіс. Бұл құжатпен бірге және жеке куәлігімен емханаға келіп, тіркелуіне болады. Ол үшін мекенжай бойынша тіркелу құжаты қажет емес. Сондай-ақ емханаға электрондық үкімет www.egov.kz сайты арқылы да тіркелуге болады. Егер Сіз бұрын басқа медициналық ұйымда тіркелген болсаңыз, онда ол жерден есептен шығу электрондық форматта жүргізіледі.

Егерде Сіз, тіркелген емхананың немесе дәрігерлік амбулаторияның қызмет көрсетуіне қанағаттансаңыз және осы жылы тіркеу науқанына қатыспасаңыз, онда медициналық ұйым Сізді келесі жылға есепке өздері тіркеуге құқылы. Емханаға тіркелгені жөнінде берілетін талон құжат болып есептеледі. Бұл құжат азаматтың кепілдендірілген тегін медициналық көмек түрін алатындығының кепілі болып табылады.  

Алғашқы санитарлық-медициналық көмек ұйымына азаматтарды тіркеу жылына бір рет азаматты медициналық ұйымды өз еркімен таңдаған жағдайда, тұрғылықты немесе уақытша мекенжайы өзгергенде, емхана мен дәрігерлік амбулаторийді қайта құру, жабу жағдайларында жүргізіледі.

Азамат тіркелу үшін емхананы, дәрігерлік амбулаторияны еркін таңдау кезінде медициналық ұйым емхананың, дәрігерлік амбулаторийдің қызметі аумақтық қағидатқа негізделгендіктен, азаматқа үйінде қызмет көрсету мен осы медициналық ұйымға тіркелген тұрғындар санының нормативі асып кеткен жағдайда азаматты емханаға тіркеу мүмкіндігін талқылауға құқылы болатындығын ескеру қажет.

Медициналық ұйым туралы ақпаратты облыстық Денсаулық сақтау басқармасының сайтынан www.zdrav.sko.kz алуға болады.

 

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының

баспасөз қызметі.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp