«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АКСЕРЕК КОКСЕРЕК

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ептілікті қажет ететін қызықты ойындардың бірі. Ойынның шарты бойынша балалар екі топқа бөлініп, араларын жиырма қадамдай ашып, тізіліп қол ұстасып тұрады. Бірінші топ:

– Ақсерек, көксерек,

Шауып алдым бәйтерек.

Ақсерек, көксерек,

Бізден сізге кім керек? – деп хормен сұрайды.

Келесі топ былай деп жауап береді:

– Ақсерек, көксерек,

Сізден бізге … (баланың аты) керек.

Аты аталған бала жүгірген күйі қарсы топтың ұстасып тұрған қолдарын үзіп өтуі керек. Үзсе, сол топтың бір баласын өзімен ала келеді. Ал үзе алмаса, сол топта қала береді. Қай топта бала көп болса, сол топ жеңеді. Балаларды бірлікке, намыс пен қайратқа үйрететін ойын жеңіске талпынуға ұмтылдырады. Сондай-ақ ойын барысында жеңілген бала өнер көрсетуі де мүмкін.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp