«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРА ТҮСКЕН СЕМИНАР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ-ның өңірлік филиалы мемлекеттік тапсырыстар және регламенттік сатып алуға қатысатын бизнесмендерге арналған семинар-тренинг өткізді. Биылғы жылдан бастап мемлекеттік мекемелер байқауды электрондық жүйеде ұйымдастыратындықтан, кәсіпкерлерге де жаңаша жұмыс істеу жүктеледі. Сондықтан ынталы кәсіпкерлер тендерге қатысты құжаттарды жаңаша толтыру үшін аталмыш семинарға қатысып, өздеріне көп мағлұмат алды.

– Мұндай семинардың бізге үлкен көмегі бар. Мемлекеттік сатып алуға енгізілген жаңа ережелерді бақылап отыруға біздің уақытымыз әрі шамамыз жете бермейді. Мәселен, жақында демпинг туралы жаңа қаулы шықса, бізге оның бүгешігесіне дейін түсіндірді, – дейді оқытуға қатысқан “Ассони” ЖШС-нің өкілі Елена Мягких.

Кәсіпкерлердің көпшілігін бизнес жүргізудің сервистік қолдауы қызықтырды. Осы шара шеңберінде “Даму” қорының мамандары оларға тегін әрі толық ақпарат берді. Шетелдік әріптестермен байланыс орнатудың үлкен мүмкіндігі қордың “Іскерлік байланыстар” бағдарламасында. Осыған байланысты ақпараттық кеңестің де тағылымдық мазмұны кең болды. Мұндай іс-шаралар бизнестің тізгінін ұстаған кәсіпкерлердің сауаттылығын арттырып, міндеттерін абыройлы орындауға үлкен септігін тигізері сөзсіз. Семинар-тренинг соңында қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.

“Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ-ның

өңірлік филиалының баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp