«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СУРЕТ САЛУДЫ YНАТАТЫН YЛАНДАРДЫ сайысқа қатысуға шақырамыз

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өз ойларын, арман-тілектерін қағаз бетіне түрлі-түсті бояулармен салуды ұнататын ұл-қыздар үшін “Солтүстік Қазақстан” газетімен Вееline Қазақстан бірлесе байқау ұйымдастыруда. Тәуелсіздік мерекесіне орай ұйымдастырылып отырған байқауға Отан, туған жер, ел, бейбітшілік, бірлік тақырыбында салған суреттеріңізді жолдаңыздар. Байқауға мектеп жасындағы балалар қатыса алады. Сайыс жеңімпаздары сыйлықтармен марапатталады.

Байқаудың алғашқы қатысушысының есімі – Мақсат Дәуренов. Ол Петропавл балалар психоневрологиялық үй-интернатының тәрбиеленушісі. Жуырда өңірімізде өткен “Бәріміз бірдейміз – кемсітуді білмейміз!” байқауына қатысып, көрермендерге өз туындыларын паш еткен бұл жеткіншек жасының кішілігіне қарамастан, тамаша суреттер салып, көрменің нәрін кіргізген болатын. Оның “Менің туған өлкем” деген суреті бейбітшілікті, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікті дәріптейді.

Суретті салған

Мақсат ДӘУРЕНОВ,

Петропавл балалар психоневрологиялық үй-интернатының тәрбиеленушісі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp