«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СУҒА ШОМЫЛЫП, ДЕНСАУЛЫҚТАРЫН ШЫҢДАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

 “Мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғауға арналған кешенді іс-шаралар” мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында облыстық Ішкі саясат басқармасының қаржыландыруымен “Нептун” аквапаркінде жарымжан жандарға арналған сауықтыру шарасы өтті. 

Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ,  

“Солтүстік Қазақстан”.

Оған “АДОН-Север” қоғамдық бірлестігінде мүшелікте тұратын 20-дан астам жарымжан жан қатысты. Қоғамдық бірлестіктің 5-34 жас аралығындағы мүшелері аквапаркте түрлі сауықтыру жаттығуларын орындады. Жаттықтырушылардың көмегімен суда шомылып, уақытты көңілді өткізді. “Көңілді мәре” ойындарын ойнады. Мәре сызығын бірінші аттағандарға естелік сыйлықтар үлестірілді. Мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтендіру мен денсаулықтарын шыңдауға бағытталған мұндай шаралар әлі де жалғасын таппақ. “Уақыттарының басым бөлігін үйде өткізетін мүмкіндігі шектеулі адамдар осындай іс-шараларға қатысып, бойларын жазып, сергіп қалады. Денсаулықтарын шыңдап, қоғамдық өмірге белсене араласуларына мүмкіндік туады”, – дейді қоғамдық бірлестіктің төрайымы Елена Полмагорова.

Қоғамдық бірлестікте мұндай жандардың саны 60-қа жетті. Әртүрлі жастағы мүмкіндігі шектеулі жандар аталмыш жобаның аясында түрлі шараларға қатысып, денсаулықтарын шыңдап, қоғамдық өмірге белсене атсалысуда.

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp