«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 18.09.2013

ҚОҢЫР БҰЛТ ҚОЮЛАНЫП БАРАДЫ Ендеше асыққан абзал

Тоқтар ЗІКІРИН, “Солтүстік Қазақстан”. Қоюлана түскен қоңыр бұлттар қамшысын үйіретін күз бұл. Сондықтан асықпаса болмайды, бір жауса, апталап жауатын күзгі жауын-шашынға іліктірмей, танаптағы ырыс дәнін жинап алу диқан қауымның басты мақсатына айналған. Осыны жақсы түсінетін Қызылжар ауданындағы “Ер-Агро” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Анатолий Шушамоин бүгінде шаруашылықтың барлық техника күшін астық бастыру жұмыстарына жұмылдырған. Оны дестедегі …

ҚОҢЫР БҰЛТ ҚОЮЛАНЫП БАРАДЫ Ендеше асыққан абзал Read More »

“БАЯНТАЙДЫҢ” БЕРЕКЕЛІ АСТЫҒЫ

Айыртау аудандық мәслихаттың депутаты Сырымбет Есенғалиев басқаратын “Баянтай” ЖШС орақ науқанын қыздыра түсті. Серіктестік биыл 8700 гектар алқапқа дәнді дақылдар, 500 гектарға майлы дақылдар өсірген. Өнімді ысырапсыз жинап алу мақсатында бүгінде 15 комбайн мен тіркемелі 6 “КамАЗ” автокөлігі жұмылдырылған. Орташа түсім әзірге гектарынан 15-16 центнерден айналуда. Бағлан ҚОЖАҚОВ. – Диқандардың қимылы ширақ, – дейді серіктестіктің …

“БАЯНТАЙДЫҢ” БЕРЕКЕЛІ АСТЫҒЫ Read More »

МҮГЕДЕК КӘСІПКЕРЛЕРДІ “DELTA BANK” ҚОЛДАУДА

Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры” мен “Delta Bank” акционерлік қоғамдары бірлесе отырып, “Даму-Көмек” бағдарламасы шеңберінде мүгедек кәсіпкерлерді қолдау бағытында республикалық акция өткізуде. Қаржы институты жалпы құны 1 миллион теңгеге бағаланатын құрал-жабдықтарды сатып алып, оларды салтанатты түрде мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлерге табыс етуде. Бұл мүгедек жандарға жеке бизнестерін ашуға немесе бар бизнесін кеңейтуге үлкен …

МҮГЕДЕК КӘСІПКЕРЛЕРДІ “DELTA BANK” ҚОЛДАУДА Read More »

САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРА ТҮСКЕН СЕМИНАР

“Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ-ның өңірлік филиалы мемлекеттік тапсырыстар және регламенттік сатып алуға қатысатын бизнесмендерге арналған семинар-тренинг өткізді. Биылғы жылдан бастап мемлекеттік мекемелер байқауды электрондық жүйеде ұйымдастыратындықтан, кәсіпкерлерге де жаңаша жұмыс істеу жүктеледі. Сондықтан ынталы кәсіпкерлер тендерге қатысты құжаттарды жаңаша толтыру үшін аталмыш семинарға қатысып, өздеріне көп мағлұмат алды. – Мұндай семинардың бізге үлкен көмегі …

САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРА ТҮСКЕН СЕМИНАР Read More »

ӨЗ ӨНІМІМІЗДІ ӨТКІЗСЕК, ҰТАМЫЗ

Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. Облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов бір топ тауар өндірушілер мен ірі сауда орындарының өкілдерін жинап, кеңес өткізді. Онда жергілікті азық-түлік тауарларын өндірушілердің өнімдерінің сатылу көрсеткіштерінің төмендеп кеткендігі сөз болып, осыған байланысты отандық өнімдердің сатылымын арттыру мәселесі төңірегінде әңгіме өрбітті. Жергілікті азық-түлік өнімдерін өндірушілер 2012 жылы тауарларын сатудан 53 миллиард теңге табыс …

ӨЗ ӨНІМІМІЗДІ ӨТКІЗСЕК, ҰТАМЫЗ Read More »

ТӨРТ ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМ ТІРКЕУДЕН ӨТТІ

Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. Облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов өңіріміздің кәсіпкерлерімен және қоғамдық бірлестіктерімен кездесіп, төрт қоғамдық ұйымға тіркеуден өткендігі туралы куәлік тапсырды. Кәсіпкерлердің мүддесін қорғау, олардың істерін алға бастыру мақсатында облысымызда қоғамдық бірлестіктер жүйесі дамып келеді. Тіркеуден өткен қоғамдық ұйымдар облыс әкімдігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері бойынша сараптама кеңесіне мүше бола отырып, кәсіпкерлік қызметті реттейтін …

ТӨРТ ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМ ТІРКЕУДЕН ӨТТІ Read More »

ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР – ТРЕНИНГ ТАҚЫРЫБЫ

Облыстық Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің “Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі” ММ мәжіліс залында психологиялық қызмет бөлімі басқарма аппараты қызметкерлері мен 1-ші өрт сөндіру бөлімі жеке құрамының қатысуымен “Отбасылық құндылықтар” атты тренинг өткізді. Тренингтің мақсаты – отбасының маңыздылығын, оның құндылықтар сатысындағы орнын, ер адам мен әйел адамның арасындағы қатынасты, отбасындағы міндеттерді көрсету және махаббат туралы …

ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР – ТРЕНИНГ ТАҚЫРЫБЫ Read More »

БАЛАЛАР БІР МӘЗ БОЛДЫ

Гүлнәр ШАЙМЕРДЕНОВА, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған Соколовка мектеп-интернаты директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. Қызылжар ауданының Соколовка ауылындағы түзету мектеп-интернаттың тәрбиеленушілері мен ұжымның қызметкерлері бірлесіп “Саламаттылық – Табыстылық – Қажеттілік” тақырыбында шара өткізді. Отбасы күніне орайластырыла өткізілген спорттық шарада әр бала өз мүмкіндіктерін кеңінен көрсете алды.   Бір отбасының балаларындай болып кеткен мектеп-интернат тәрбиеленушілерімен өткізілген …

БАЛАЛАР БІР МӘЗ БОЛДЫ Read More »

ӨЗ ЕМХАНАҢЫЗДЫ ТАҢДАҢЫЗ

Қазақстан Республикасының Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін енгізу шеңберінде үстіміздегі жылғы 15 қыркүйек пен 15 қараша аралығындағы кезеңде еліміздің әрбір азаматы емхананы (дәрігерлік амбулаторияны) немесе дәрігерді өз еркімен таңдауға құқылы.  Алғашқы медициналық-санитарлық көмек емханаға тіркелген жағдайда ғана көрсетіледі. Азамат емхана мен дәрігерлік амбулаторийге тұрғылықты немесе уақытша мекенжай, жұмыс, оқу орны бойынша тіркеле алады. Медициналық ұйымға …

ӨЗ ЕМХАНАҢЫЗДЫ ТАҢДАҢЫЗ Read More »

ҚУАТ және РЕСУРС ҮНЕМДЕУ – өнеркәсіптегі өзекті мәселе

Александр ИВАНИЩЕВ, облыстық Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының міндетін атқарушы. Қуат тиімділігі әлемнің жетекші елдерінде экономиканы дамытудың өзегі болып табылады. Оның шығынын азайту біздің еліміз үшін ерекше маңызды. Сондықтан Елбасы индустриялық-инновациялық даму аясында еліміздің ішкі жалпы өнімінің қуат жұмсауын 2015 жылға қарай кемінде 10 пайызға және 2020 жылға қарай 25 пайызға азайту міндетін қойды. Бұл …

ҚУАТ және РЕСУРС ҮНЕМДЕУ – өнеркәсіптегі өзекті мәселе Read More »

КҮЗДЕ ДЕ СУҒА КЕТКЕНДЕР БАР

Жамбыл ауданындағы Богдановка ауылының жанындағы Толыбай көлінде балық аулауға шыққан 64 жастағы ер адам батып кетті. Жыл басынан бері санағанда бұл балықшылардың суға кетуінің алтыншы жағдайы. Айыртау ауданындағы Целинное ауылының маңындағы қазаншұңқырда белгісіз себептермен 29 жастағы азамат батып кетті. Оның мүрдесін судан облыстық ТЖД-нің судан құтқару қызметінің іздеуманеврлік тобы алып шықты. Ал Тайынша ауданының Шағалалы …

КҮЗДЕ ДЕ СУҒА КЕТКЕНДЕР БАР Read More »