«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ІІІ ЕУРАЗИЯ СПОРТ ОЙЫНДАРЫНА 14 жерлесіміз қатысуда

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Зейнолла ӘКІМЖАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

2007 жылы Еуразия экономикалық қоғамдастығының ұйғарымымен Беларусьте тұңғыш рет осы ұйымға мүше елдердің жасөспірімдерінің спорт ойындары ұйымдастырылған еді. Үш жылдан соң жасөспірім спортшыларды Ресейдің Қазан қаласы қабылдаған. Биыл Ресей, Беларусь, Қырығызстан, Тәжікстан және Қазақстан елдерінің бір мыңға тарта жасөспірім спортшылары он үш түр бойынша шеберлік салыстыру үшін Алматыға тоғысып, оңтүстік астанамыздағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында үшінші ойындардың салтанатты ашылуы болып өтті.

Барлығы 232 алқалар шоғыры үлестірілетін бұл додаға Қазақстан Республикасының құрамасы ең көп – 297 үміткерін қатыстырып отыр.

Еліміздің құрама командасының қатарында біздің жерлестеріміз де бар.

Өңіріміздің атынан аттанған он төрт спортшы мыналар: Александра Хожаева мен Айша Уәлжан (қыздар күресі, тиісінше, 38 және 52 кг. салмақ дәрежелері). Глухова Александра мен Валерия Швец (көркем гимнастика). Жеңіл атлетшілер: Максим Исаев (ұзындыққа секіру). Анастасия Сароматина (балға лақтыру). Никита Головкин (200 метр қашықтыққа кедергілермен жүгіру). Лада Сонина (200 метр қашықтыққа кедергілермен жүгіру). Яков Кужилин (үш дүркін секіру). Денис Тимофеев (балға лақтыру). Юлия Казимова (ұзындыққа секіру). Зарина Попова (400 және 800 метр қашықтықтарға жүгіру). Велоспорт. Тас жолдардағы жарыс. Богдан Гапотченко мен Арман Тұрлин.

Бет қатталып жатқанда: айыртаулық Александра Хожаева ІІІ Еуразия спорт ойындарының чемпионы атанды. Ол 37 кг. салмақ дәрежесінде қыздар күресінен 1-ші орынға ие болды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp