«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ШЫҒАРМАЛАР БАЙҚАУЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жастар арасында қаржылық сауаттылықты арттыру мақсатында, ұлттық валютаның енгізілуінің 20 жылдығына байланысты, Ұлттық банктің Солтүстік Қазақстан филиалы ұлттық валюта – теңге туралы үздік шығармаға конкурс өткізеді.

Конкурсқа қатысу шарттары мен өткізу тәртібі.

Конкурс қатысушылардың екі тобы бойынша өткізіледі:

– жалпы білім беру мекемелерінің жоғары сынып оқушылары;

– М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің филология факультетінің студенттері.

Конкурсқа қатысу үшін жұмыстар мемлекеттік және орыс тілдерінде қабылданады. Қатысушылардың тізіміне енгізу үшін конкурстық жұмыс Ұлттық банк филиалына тапсырылуы тиіс.

Конкурстық жұмыстар келесі өлшемдер бойынша бағаланады: ұсынылған материалдардың шығармаға берілген тақырыпқа сәйкестігі және дәйектілігі; тақырыптың толық ашылуы; ойын сауатты беру; шығармашылықпен орындалуы.

Жұмыс конкурсқа 2013 жылғы 31 қазаннан кешіктірілмей, А4 форматындағы парақтарда баспа әріптермен басылған, тігілген күйде ұсынылуы тиіс. Жұмыстың мәтіні электронды түрде де берілуі тиіс. Жұмыстың көлемі – машинамен басылған мәтіннің 3 бетінен көп болмауы, Times New Roman, 1 интервал арқылы шрифті 12 болуы тиіс.

Жұмыстың алғашқы бетінде автордың тегі, аты, әкесінің аты, оның үйінің мекенжайы және байланыс телефондары; сыныбы, (тобы), білім беру мекемесінің нөмірі және пошталық мекенжайы; конкурсқа қатысушыға шығарма жазуға көмек көрсеткен педагогтің мамандығы, тегі, аты және әкесінің аты көрсетіледі. Үздік жұмыстар конкурстың сараптау комиссиясының мүшелерінің дауыс беруі жолымен анықталады. Конкурс жеңімпаздары арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен, ҚР Ұлттық банкінің монета өнімімен марапатталатын болады. Конкурсты ұйымдастырушы: “Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі” РММ Солтүстік Қазақстан филиалы.

Пошталық мекенжайы: индексі 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к., 6

Байланыс телефондары: 46-06-09,46-50-34,46-57-24.

Электронды мекенжайы: petro _80@nationalbank.kz

Ұлттық банктің облыстық филиалы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp