«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

3 млн.ТОННАДАЙ АСТЫҚ ЖИНАЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru
20 қыркүйектегі жедел дерек бойынша облыста барлық егін алқабының 72,1 пайызы орылып, 60,4 пайызы бастырылды. Одан 2944,5 мың тонна астық жиналды. Гектар берекелілігі 13,6 центнерден айналуда (2012 жылы – 11,9 центнер).
Егін оруда Қызылжар (81,2%), Аққайың (80,2%), Есіл (79,3%) аудандары көш бастап келеді.
Астық бастыруда Есіл (68,5%), Аққайың (68,3%), Уәлиханов (66,3%) аудандары жоғары қарқын танытуда. Бүгінгі күні Қызылжар (15,7 ц.), М.Жұмабаев (15,6 ц.), Айыртау (15,5 ц.) аудандары жоғары өнімділікке қол жеткізіп отыр, ал Тимирязев және Шал ақын аудандарының өнімдері тиісінше 10 және 11,8 центнерді ғана құрайды.
Есепті кезеңде 207,2 мың гектардың майлы дақылы (47,2%) дестеге түсіріліп, 11,9 пайызы жиналып алынды. Орташа түсім – 11,8 центнер.
Облыс бойынша 365,9 мың тонна тұқым құйып алынды, бұл жоспардың – 71,7 пайызы.
Ауыл шаруашылығы басқармасы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp