«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“СМАЙЛИКТІҢ” ТУҒАН КҮНІ ҚҰРМЕТІНЕ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

19 қыркүйек – “смайликтің” туған күні. Соған орай “Улыбка” балалар қайырымдылық қоры бұл күнді Сәбилер үйі мен отбасылық үлгідегі балалар ауылында өткізді.  

Алдымен сәбилерге қонақ болып барып қайтқан қор Сәбилер үйіндегі нәрестелер мен бүлдіршіндерге көтеріңкі көңіл күйін сыйлау үшін шағын концерттік бағдарлама ұсынды. Онда сәбилерге арнап “Теремок” ертегісінің театрландырылған қойылымы көрсетілді. Бүлдіршіндердің ең кішкентайларына ойыншықтар, жасы үлкендеулеріне бояғыш кітапшалар, түрлі-түсті қарындаштар мен ертегі кітаптары және “смайлик” бейнеленген шарлар сыйға тартылды. Сондай-ақ Сәбилер үйіне аса қажетті жаялықтарды да сыйға тартты. Бүгіндері бұл үйді 64 бүлдіршін пана етуде. Оның ішінде 15-і – мүгедектер. Биылғы жылдың басынан 22 нәресте отбасын тапқан екен. Бірақ соған қарамастан, тастанды балалар саны азайған емес. Соңғы екі айдың ішінде бұл үйге 18 нәресте қосылған. Көбелек, перизат, сайқымазақ болып киінген қордың еріктілері бүлдіршіндермен бірге мультфильмдер тамашалады. Балалар да өз тараптарынан үйлеріне қонақ болып келген қор мүшелеріне тақпақтарын айтып, өз өнерлерін көрсетті.

Бұл күні балаларға барынша күлкі сыйлауды қалаған қор қызметкерлері отбасылық үлгідегі балалар ауылының тұрғындарымен кездесіп, олармен етене танысып, ойын-сауық шараларын өткізді. 6-17 жас аралығындағы балалар тұратын ауылға қор концерттік бағдарламамен барды. Балаларға жаңа оқу жылына қажетті дәптерлер мен түрлі-түсті қарындаштар және балмұздақтан дәм татқызды. Қордың президенті Галина Бондаренконың сөзіне қарағанда, алдағы уақытта да қор бүлдіршіндер мен жеткіншектерді түрлі сыйлықтармен қуанта бермек.

Сурет

“Улыбка” балалар қайырымдылық

қорынан алынды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp