«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТӨЛ ТУЫНДЫЛАРЫМЫЗҒА ТӘНТІ БОЛДЫҚ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жарқын ЖҰПАРХАН,

журналист.

Өткен жұма күні Ақжар ауданында жергілікті ақындар мен сазгерлердің әндерін орындаушылардың “Жұмағы жердің – Қызылжар” атты облыстық байқауы өтті. Тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған бұл шараға 11 ауданнан 12 үміткер қатысты.  

Облыстық Мәдениет басқармасы мен Халық шығармашылығы және мәдени-демалыс қызметі орталығы ұйымдастырған шараның мақсаты Қызылжар өңірін әсем әуендерімен қоса жақұт сөздерімен де тебірентіп жүрген жерлестеріміздің төл туындыларын ел ішінде кеңінен таныту болды. Аталмыш шараны ашқан аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков мұндай мәдени істің Ақжар ауданында өткізіліп жатқанына қуанышты екендігін білдіріп, ауданда мәдениет саласының күн санап алға басып келе жатқанын айтып, өнер байқауында бақтарын сынаушыларға сәт сапар тіледі.

Байқауда Кәкімбек Салықов, Бүркіт Бекмағанбетов сынды танымал жерлестеріміздің сөздеріне жазылған әндерге қоса жас ақын-сазгерлердің де туындылары орындалды. Сонымен қазылар алқасының шешімі бойынша жүлделі 3-ші орынды Дамир Есболов (Айыртау ауданы) жеңіп алса, 2-ші орынды Данияр Құстанов (Аққайың ауданы) қанжығасына байлап кетті. Ал 1-ші орынға тимирязевтік Андрей Меркель лайық деп танылды. Балдырған Ілиясовтың сөзіне жазылған Амангелді Тошкеннің әнін орындаған Ақжар ауданының үміткері Мақпал Сүлейменова бас жүлдені жеңіп алды.  

Байқауға қатысушылар мен оны ұйымдастырушылар мұндай шара бұдан әрі де жалғасын табуы керек, деген тілектерін білдірді.

СУРЕТТЕ: М. Сүлейменова.

Суретті түсірген автор.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp