«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ РОУМИНГТЕ СӨЙЛЕСУ КӨБЕЙДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Beeline Қазақстан жаз айларында халықаралық роумингтегі ұялы байланыс қызметін қолданудың қорытындысын шығарды.

Жаз бойы Beeline қолданушылары роумингте 2,5 млн. астам қоңырау соғып, 6 млн. астам SMS-хабарлама жолдады. Соғылған қоңыраулар саны 2012 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 25% жоғары, ал абоненттердің сөйлесу ұзақтығы 6% артық. Сонымен қатар, шетелдерде мобильді интернет қызметін қолдану көлемі 20% өсіп отыр. Роумингте абоненттердің белсенділігінің артуы дыбыстық қызметтер тарифінің төмендеуімен, сондай-ақ байланыс қызметінен үнемдеуге мүмкіндік беретін роумингке арналған арнайы ұсыныстардың шығуымен байланысты,

Роуминг қызметін пайдаланған абоненттердің арасында көрші Ресей кең танымал. Мысалы, роумингке шыққан Beeline-ның әрбір екінші клиенті осы елге сапар шеккен. Компания клиенттерінің ішінен роуминг бағытына сұраныс білдірген елдердің қатарында ТМД елдері, Германия, Франция, Ұлыбритания, Нидерланды, Чехия, Грузия және АҚШ бар. Сондай-ақ қазақстандық туристердің дәстүрлі демалыс орындары: Түркия, БАӘ, Грекия, Таиланд, Қытай, Италия және Испания елдерінің де танымалдылығы арта түсуде.

2013 жылғы жазда компания абоненттері роуминг қызметін пайдаланған жерлердің қатарынан Танзания, Антиль аралдары, Сьерра-Леоне, Мадагаскар, Гватемала, Нигерия, Йемен, Кувейт, Гуам аралдары және Мартиника тәрізді жер шарының ең экзотикалық жерлерін көруге болады. Бұлардың ішінде Либерия, Чад, Джибути, Уругвай, Фиджи және Гайана сияқты Beeline абоненттері алғаш аяқ басқан елдер де бар.  

“Жазғы демалыс кезінде Beeline ұялы байланысының роумингтегі қызметін қолдану, баға саясатының дамуының және тиімді, әрі қолжетімді ұсыныстардың іске қосылуының нәтижесінде артып отыр. Мысалы, ТМД елдерінде роумингте сөйлесу бағасы үйдегі байланыс тарифтерімен сай келетін, жаңа “Супервиза” қызметінің танымалдылығы артып отыр. Ал Еуропа елдерінде және танымал туристік аймақтарда бәз-баяғыдай “Жеңіл роуминг” қызметіне деген сұраныс өте жоғары”, – деп Beeline Қазақстан компаниясының корпоративтік қатынас директоры Алексей Бендзь ой бөлісті.

Beeline Қазақстан компаниясы “Дүниежүзілік роуминг” қызметінің де бағасын айтарлықтай төмендетті – кіріс және шығыс қоңырауларының құны 69 теңгеден 49 теңгеге дейін төмендеді және ешқандай абоненттік төлем ұсталмайды. Бұл компания клиенттері үшін роумингтік ұсыныстардың қолжетімділігін арттыруға бағытталған тағы бір жоспарлы қадам болып табылады.

Бүгінгі таңда Beeline Қазақстан ұсынған роуминг қызметіне әлемнің 175 елінде қол жеткізуге болады.

(Өз тілшімізден).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp