2013 жылғы қаңтар-тамызда өнеркәсіп өндірісінің көлемі – 4,8%-ға, ауыл шаруашылығы – 3,9%-ға, бөлшек сауда 30,1%-ға өсті.
2013 жылғы қаңтар-тамызда облыстың өндірістік кәсіпорындары (шағын, қосалқы кәсіпорындарын, үй шаруашылығы секторын қоса) қолданыстағы бағамен 93,7 млрд. теңгенің өнімін өндірді.
Өнеркәсіп өндірісі құрылымында 74,7% алатын өңдеу өнеркәсібінде 70 млрд. теңгенің өнімі өндірілді немесе 2012 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 5%-ға артық.
2012 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда азық-түлік өндірісі 3,2%-ға өсті. Өңделген сұйық сүт және кілегей өндіру 78,1%-ға, ет және азықтық ет өнімдері – 18,6%-ға, үй құсының еті – 52,6%-ға, жаңа піскен нан өндірісі 6,9%-ға артқан.
Жиһаз өндіру 1,4 есе, металлургиялық өнеркәсіп өнімдерін өндіру 22,9%-ға, резеңке және пластмасса бұйымдар – 4%-ға, машина жасау өнімдері өндірісі – 10%-ға, фармацевтикалық өнімдер өндірісі – 10,7%-ға, химиялық өнімдер өндірісі 36,3%-ға артқан. Ерлердің киімін өндіру – 2,8 есе, асүй жиһаздары 2 есе өсті.
2013 жылғы қаңтар-тамызда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 67,3 млрд. теңгені құрады (2012 жылғы қаңтар-тамыздағыдан 3,9%-ға артық). Мал мен құстың барлық түрлерінің тірідей салмақта союға 57,1 мың тонна өткізілген (2012 жылғы қаңтар-тамыздағыдан 4,2%-ға артық), 331 мың тонна сиыр сүті сауылған (5,2%-ға), 344,4 млн. дана (13,7%-ға) тауық жұмыртқасы алынған.
Барлық меншік түрінің құрылыс-монтаждық ұйымдарының өз күшімен 14,9 млрд. теңгенің мердігерлік жұмыстары орындалды (2012 жылғы қаңтар-тамыздағыдан 24,3%-ға артық). 2013 жылғы қаңтар-тамызда жаңа 333 ғимараттың құрылысы аяқталды, олардан 301 тұрғын және 32 тұрғын емес мақсаттағы.
2013 жылғы қаңтар-тамызда негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 53,9 млрд. теңгені құрады (2012 жылғы қаңтар-тамыздағыдан 15,9%-ға артық). Негізгі капиталға салынған инвестиция көзінің 71,3%-ы шаруашылық жүргізетін субъектілердің өзіндік қаражаты болып табылады, қарыз қаражатына – 6,8%, бюджеттік қаражатқа – 21,8%, шетелдік қаражатқа 0,1% келеді. Ауыл, орман және балық шаруашылығы (жалпы инвестиция көлемінің 49,7%), көлік және қоймалау (17,6%), өнеркәсіп (15,3%), жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар (6,6%), ақпарат және байланыс (3,5%) негізгі капиталға салынған инвестицияларды игеру бойынша басым салалар болып табылады.
Тұрғын үй құрылысына 3446,6 млн. теңге жұмсалды (2012 жылғы қаңтар-тамыздағыдан 1,4 есе артық). Облыс аумағында тұрғындар және кәсіпорындар жалпы көлемі 37949 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берді (2012 жылғы қаңтар-тамызға 123,8%).
2013 жылғы қаңтар-тамызда тасымалдаушылардың барлық санаттары 31,5 млн. тонна жүк (2012 жылғы қаңтар-тамыздағыдан 8%-ға артық) және 326,4 млн. жолаушы тасымалдады (2012 жылғы қаңтар-тамызға 105,4%).
2013 жылғы қаңтар-тамыздағы бөлшек сауда көлемі 71,6 млрд. теңгені құрап, 2012 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 30,1%-ға өсті, көтерме сауда 178,2 млрд. теңгені құрады (18,9%-ға). Талданып отырған кезеңде қоғамдық тамақтандыру қызметінің көлемі 1,6 млрд. теңгені (5,4% артық) құрады.
…және ӘЛЕУМЕТТІК
ДАМУЫНЫҢ
ҚЫСҚАША
ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ
2013 жылғы қаңтар-тамызда бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 72 550 теңгені құрады.
2013 жылғы 1 тамызға облыс тұрғындарының саны 577,9 мың адамды құрады, соның ішінде 240,8 мың адам (41,7%) – қалалық, 337,1 мың адам (58,3%) – ауылдық тұрғындар. Облыс аумағында Қазақстан Республикасы халқының 3,4%-ы тұрады.
2013 жылғы қаңтар-шілдеде жаңа туған 4960 сәби тіркеліп, өткен жылғы сәйкес кезеңнен 1,1%-ға кем болды, 4591 шетінеу (1,1%-ға кем), 2521 некелесу, 1183 ажырасу тіркелді.
2013 жылғы қаңтар-тамызда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 2012 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 7,3%-ға өсіп, 72 550 теңгені құрады, соның ішінде ірі және орта кәсіпорындарда – 9,8%-ға және сәйкесінше 75 212 теңгені құрады. Нақты жалақы сәйкесінше 0,9% және 3,2%-ға өсті. Нарықтық валюта айырбастау бағамы бойынша орташа айлық жалақы 2013 жылғы қаңтар-тамызда 474,4 АҚШ долларын немесе 356,2 еуроны құрады.
Ауыл, орман және балық шаруашылығындағы қызметкерлердің жалақысы 2013 жылғы қаңтар-тамызда 2012 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда 12,9%, өнеркәсіпте – 17,7%, құрылыста – 10,1%, көлік және қоймалауда – 9%, ақпарат және байланыста 13,6% өсті.
Өнеркәсіпте жалақы 72 390 теңгені құрады, құрылыста – 70 425 теңге, саудада – 58 288 теңге, көлік және қоймалауда – 103 308 теңге.
Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде есепте тұрған азаматтар саны 2013 жылғы тамыз айының соңына 1624 адамды құрады. Экономикалық тұрғыдан белсенді тұрғындардың санында тіркелген жұмыссыздардың үлесі 0,5%-ды құрады. 2013 жылы қаңтар-тамызда 7853 адам жұмыспен қамтылды немесе өтініш білдіргендердің 94,8%-ы.
Күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2013 жылғы тамызда 18 095 теңгені құрады және өткен жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 21,6%-ға өсті. Азық-түлік қоржынының құны 10 857 теңгені құрады.
Тұтыну бағаларының индексі 2012 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 102,3%-ды құрады. Бағалар азық-түлік тауарларына – 1,8%, азық-түлік емес тауарларға – 1,3%, ақылы қызметтерге 3,6% өсті.
2013 жылғы тамызда бағаның нан және жарма, шұжық және ет өнімдеріне, май және тоңмай, алкогольді ішімдіктер мен темекі өнімдеріне – 0,1%, балық және теңіз өнімдеріне – 0,2%, қант және кондитер өнімдеріне – 0,6%, картопқа – 2,8%-ға өсуі белгіленген. Жұмыртқа 0,2%, жеміс және көкөністер 0,4%-ға арзандады.
Кеңсе тауарлары мен сызу құралдары – 0,7%, жуу және тазалау құралдары, үй тұрмысына қажетті заттар, тұрмыстық техника, киім мен аяқкиімнің жекелеген түрлері 0,2%-ға қымбаттады.
Тұрмыстық аспаптарды жөндеу – 0,8%, қонақүй қызметтері 0,7%-ға қымбаттады. Көлік қызметтері ақысы 0,3%-ға көтерілді, оның ішінде темір жол көлігімен жол жүру – 1,3%-ға. Демалыс, көңіл көтеру және мәдениет саласындағы қызметтерге бағалар өсімі 0,1%-ды құрады.
Облыстық Статистика департаменті.