«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЙКҮМІС ЖИДЕБАЙДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

5-7 қыркүйек күндерінде Жидебайда Абай оқулары он төртінші рет өтті. Оған аудандық, облыстық сайыстарда жеңімпаз атанған, ұлылар шығармаларының мәнін жүрегімен терең ұғынған үздіктер қатысты. Саумалкөл қазақ орта мектебінің 11-сынып оқушысы Айкүміс Тілегенова байқауда Солтүстік Қазақстан облысының намысын қорғады. Жүлделі ІІІ орынға қол жеткізген ол арнайы дипломмен марапатталып, сертификатқа ие болды. 

 

Айкүміс – Айыртау ауданының орталығындағы Саумалкөл қазақ орта мектебінің оқушысы. Ол облыстық Абай оқуының, аудандық “Ізгілік жасауға асығайық” және “Ізгілік әлемі” байқауларының жеңімпазы, осы аталымдар бойынша облыста өткен байқаулардың ІІ және ІІІ орын иегері. Республикалық “Жарқын болашақ” олимпиадасының облыстық кезеңінде ІІ орын иеленген. Жеткен жетістіктері бойынша Саумалкөл қазақ орта мектебінде “Жыл оқушысы – 2013″ аталымының иегері. Айкүміс – мектептегі “Үкілі үміт” жас ақындар үйірмесінің белсенді мүшесі. Бұл үйірме оқушылардың поэзия жанрындағы шеберліктерін шыңдайды. Оған қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Руслан Дөкетбаев жетекшілік етеді. Руслан Сұлтанұлының өзі де Дәуқара орта мектебінде оқып жүрген кезінде республикалық “Жыр алыбы – Жамбыл” атты жас ақындар айтысына қатысып, дипломант атанса, Семейде өткен республикалық “Абай оқуында” жүлделі орыннан көріне білген. М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі мамандығы бойынша тамамдап, былтырғы жылы “Дипломмен – ауылға!” бағдарламасы бойынша Саумалкөл қазақ орта мектебіне орналасқан. Өткен оқу жылында шәкірттері Айкүміс Тілегенова – Абай, ал Байболат Құлтанов Махамбет оқуларының облыстық кезеңдерінде жеңімпаз атанған. Бүгінгі күні Айкүміс Тілегенова республикалық Абай оқуынан жүлделі 3-орынмен оралса, Байболат Құлтанов республикалық IV Махамбет оқуына қатысу үшін Атырау қаласына аттанып кетті.

Абай, Шәкәрім, Махамбет, Мағжан, Мұқағали, Оралхан сөздерін жаттап, сырына үңілген, ұлылардан ұлағат іздеген баланың жаны жайсаң, жақсы адам болып өсетініне сенім мол. Абайдай ұлы, ойшыл ке­мең­гердің қасиетін танып, қадірін ұғар кө­кі­рек көзі ояу, тілі орамды абайшыл жастар көп болса, ел болашағы да жарқын болмақ.

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp