«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАҚЫЛДАРЫНЫҢ АЛҚАБЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

2013 жылы майлы дақылдардың егістік алқабы 14,6%-ға, ашық топырақта өсірілген көкөністердікі – 6,1%-ға, картоптікі – 2,2%-ға ұлғайды.

Ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқабы 2013 жылы 4365 мың га. құрады және өткен жылмен салыстырғанда 211,5 мың га немесе 4,6%-ға азайды.

Алқаптардың қомақты бөлігіне дәнді және бұршақты дақылдар – 3573,6 мың га., немесе 81,7%, азықтық дақылдар – 319,7 мың га., немесе 7,2%, майлы дақылдар 439,1 мың га., немесе 10,1% себілген.

Дәнді және бұршақты дақылдардың егістік алқабы 6,9%-ға азайды, соның ішінде бидай – 5,2%-ға.

Өткен жылмен салыстырғанда егістік алқаптардың ең көп ұлғаюы Шал ақын – 5,4%, Аққайың – 3,0%-ға, Тайынша – 1,3%-ға аудандарында белгіленді. Егістік алқаптардың ең көп азаюы Ақжар – 18,6%-ға, Уәлиханов – 16,8%-ға, Есіл – 6,9%-ға, Мамлют – 5,7%-ға аудандарында.

Жемшөптік дақылдардың егістік алқаптары облыстың 7 ауданында айтарлықтай ұлғайды, майлы дақылдардың – 8 ауданда, картоптың – 10 ауданда ұлғайды. Дәнді және бұршақты дақылдардың егістігі 12 ауданда азайды.

Облыстық Статистика департаменті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp