«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕГІН ЖИНАУ ЕҢСЕРІЛІП КЕЛЕДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru
Облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының жедел деректері бойынша, кешегі күнге дейін өңірдегі дәнді дақылдардың 2703,9 мың гектары немесе 75,7 пайызы орылып, 2518,8 мың гектар алқаптың егіні немесе 70,5 пайызы жинап алынды. 3518,9 мың тонна астық жиналды.
Орташа егін шығымдылығы әзірге 14,0 центнерден айналуда, өткен жылы дәл осы кезеңде гектар берекесі 12,4 центнерді құраған. Жекелеген аудандар жүз пұттық өнімге ұмтылып отыр. Бүгінде орта есеппен 15,9 центнерден өнім алып жатқан М.Жұмабаев ауданы диқандарының бұл белесті бағындырары сөзсіз. Сол сияқты сәйкес түрде 15,7 және 15,5 центнерден астық жинап отырған Қызылжар және Айыртау аудандарының егіншілері де облыс жұртшылығын мол өніммен қуантатын болады.
Әзірге гектар шығымдылығы 10,0 және 11,7 центнерден аспай отырған Тимирязев пен Шал ақын аудандары төмен өнім алуда.
Сонымен бірге майлы дақылдар жинау жұмыстары да жылдағыдан біршама ширақ жүргізілуде. Қазір оның 273,1 мың гектары немесе 62,2 пайызы дестеге түсіріліп, 93,8 мың гектары немесе 21,4 пайызы жинап алынды. Гектар басы 12,5 центнерден өнім беруде.
Барлығы облыс бойынша 460,4 мың тонна дәнді дақылдар тұқымы құйылды, бұл қажеттіліктің 90,3 пайызын құрайды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp