«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАРЫСТА ЖЕҢІС КЕРЕК Ал ең бастысы – өзара түсіністік

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өткен сенбіде “Қарасай” спорт алаңында облыстық екінші деңгейлі банктердің қызметкерлері арасында жеңіл атлетикадан жарыс өтті. Аталмыш спорттық шара ұлттық валютамыз – теңгенің айналымға енгізілгенінің 20 жылдық мерекесіне арналды. Бұл жолы жаздың соңғы спорт жарыстарының ұйымдастырушысы “Нұрбанк” филиалы болды.

Шынар БӘШІРОВА,

Ұлттық банктің облыстық филиалының бас маманы.

“Қарасайдағы” жарыс жолдарына 300-ден астам спортшы қаржыгерлерден құралған 16 команда шықты. Турнир аясында банк қызметкерлері әйелдер арасында 60 және 400 метр қашықтыққа, ерлер арасында 100 және 1500 метрге жүгіруден, ұзындыққа секіруден, гір көтеруден күш сынасты.

Тартысты өткен бәсекеде күштілер үштігіне “Сбербанк”, “Цеснабанк” және “Халық банкі” филиалдары командалары енді. Жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Қаржыгерлер көптен бері қалыптасқан жақсы дәстүр бойынша өздеріне тиген бағалы сыйлықтарын облыстың білім беру және спорт мекемелеріне тарту етті.

Сол сияқты, жекелеген спорт түрлері бойынша жүлдегер атанған спортшылар да дипломдар мен ақшалай сыйлықтар алды. Олар да биылғы жылы басталған бағалы сыйлықтарын жерлес мүгедек спортшыларға беру дәстүрін жалғастырды. Турнирдің жабылу салтанатында ноутбук бағалы сыйлығы 2012 жылғы Параолимпиада ойындарына қатысушы жерлес жеңіл атлетші Сергей Харламовқа сыйланды.

Біздің Ұлттық банк филиалының командасы төртінші орынды қанағат тұтты. Ең тәуір көрсеткішке қол жеткізген спортшыларымыз Руслан Мұхамеджанов пен Павел Соколов 1500 метр қашықтыққа жүгірісте сәйкес түрде екінші және үшінші орындарды еншіледі.

Жарыстың соңында “Нұрбанк” филиалы келесіде волейболдан жарыс өткізу эстафетасын “АТФ” банкінің филиалына тапсырды, ол осы жылдың қараша айына жоспарланған.

Әртүрлі спорт түрлері бойынша “Банкиада” аясында жылсайын банкаралық жарыстар өткізу қаржыгерлердің өзара түсінісіп, ұғынысу мәдениетін көтереді және осы жақсы дәстүрді жалғастыра береді.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp