«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СҚМУ ПРОФЕССОРЫНЫҢ ГИМНАЗИЯДАҒЫ ДӘРІСІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өткен аптада қазақ мектеп-гимназиясында “Тіл тағдыры – ел тағдыры” тақырыбында ашық конференция өтті. Аталған іс-шара Қазақстан халқы тілдерінің ХV фестивалі аясында ұйымдастырылды. 

Саят ЕРМЕК,  

қазақ мектеп-гимназиясы ақпарат орталығының тілшісі.

Бұл кездесуге өңіріміздің белгілі тұлғалары қатысты. Атап айтқанда СҚМУ-дың профессоры, журналист Зарқын Тайшыбай алғаш рет гимназияға келіп дәріс оқыды. Ол қазақ тілінің кешегісі, бүгіні және ертеңі туралы баяндап берді. “Алаш айнасы” республикалық газетінің меншікті тілшісі Ербақыт Амантайұлы да жиналғандарға мемлекеттік тілдің қазіргі жағдайы, оның қолданылуы мен ана тіліміздің болашағы туралы өз ойын ашық айтты.

Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде екенін түсінген оқушылар дәрісті ерекше ынтамен тыңдады. Іс-шара барысында қонақтар дәріс тыңдауға келгендердің көкейіндегі сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар оқушылар СҚМУ-дегі журналистика бөлімшесінің негізін қалаған Зарқын Сыздықұлынан осы мамандықтың қыр-сыры туралы сұрап қалу мүмкіндігін де мүлт жібермеді. Бүгінгі таңда қаламы қарымды журналиске айналған Ербақыт Амантай да өз тәжірибесімен бөлісті.

Осындай іс-шаралардың өңіріміздің беделді азаматтарын танып білуде және жасампаз ұрпақ тәрбиелеуде маңызы зор екені айдан анық.

Петропавл қаласы.

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp