«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 25.09.2013

“Солтүстік Қазақстан облысының Азаматтық альянс қауымдастығы” ЗТБ облыстық Ішкі саясат басқармасының қолдауымен “Жылдың үздік ҮЕҰ” облыстық конкурсын жариялайды

Конкурс туралы ереже Конкурстың негізгі идеясы: өңіріміздегі әлеуметтік және қоғамдық өмірге, тәуелсіздіктің орнығуына және азаматтық қоғамның құрылуына айтарлықтай үлес қосқан облыстық үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) жұмысындағы жетістіктерін қоғам алдында көтермелеу. Қазақстанның өмір сапасы стандарты жоғары серпінді, осызаманғы мемлекет ретінде дамуы орнықты азаматтық қоғамдағы азаматтық белсенділік пен азаматтардың іскерлігіне байланысты. Солтүстік Қазақстан облысында көптеген патриоттық сезімдегі …

“Солтүстік Қазақстан облысының Азаматтық альянс қауымдастығы” ЗТБ облыстық Ішкі саясат басқармасының қолдауымен “Жылдың үздік ҮЕҰ” облыстық конкурсын жариялайды Read More »

АРДАГЕРЛЕРГЕ АРНАЛДЫ

Облыстық ТЖ департаментінің қызметкерлері Қарттар күніне арналған сенбілікке белсене қатысты. 21 қыркүйек күні Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі аумақтық органының басқарма және бөлімдерінің қызметкерлері өз кабинеттері мен ғимарат аумағында тазалық орнатуға білек сыбана кірісті.  Әсия БАТАЛОВА, облыстық ТЖ департаментінің бөлім басшысы. Қызу жұмыс кезінде ТЖ және өнеркәсіптік қауіпсіздікке мемлекеттік бақылау жөніндегі басқарманың қызметкері Павел Белоконь өзінің …

АРДАГЕРЛЕРГЕ АРНАЛДЫ Read More »

ҚАРТТАР мен МҮГЕДЕКТЕРДІ қолдау сенбілігі ұйымшылдықпен өткізілді

Қыркүйек айының үшінші аптасында өткен қайырымдылық сенбілігіне 145 мыңнан астам солтүстікқазақстандық қатысты. Бұл шара өңіріміздегі қарттар мен мүгедек жандарды қолдауға арналды.  Осынау игілікті іске жиналғандардың пейілдерінің ақтығы болса керек, сол күні ауа райы да шайдай ашылып сала берді. Қайырымдылық шарасына жиналғандар саябақтар мен шағын бақтарды түскен жапырақтар мен қураған шөптерден, шашылған қоқыс қалдықтарынан тазартты.   …

ҚАРТТАР мен МҮГЕДЕКТЕРДІ қолдау сенбілігі ұйымшылдықпен өткізілді Read More »

АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ – АЛАҢДАТАДЫ

Облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекеновтің төрағалығымен өткен кеңес өңіріміздегі азық-түлік қауіпсіздігі, жергілікті тауар өндірушілердің өнімдерінің сатылу көрсеткішін жоғарылату шараларына арналды. Жиынға жергілікті азық-түлік тауарларын өндірушілер және облыс орталығындағы ірі сауда орындарының өкілдері қатысты. Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ,   “Солтүстік Қазақстан”. Нарыққа шығарылатын азық-түлік бәсекеге қабілетті болуымен қатар, тұтынушыларға қауіпсіз болуы шарт. Сондықтан өнім өндірушілер де, оны өткізуші …

АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ – АЛАҢДАТАДЫ Read More »

БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІС ЕНГІЗІЛІП, ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ЖАҢА МҮШЕСІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

24 қыркүйекте бесінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың кезектен тыс ХХ сессиясы болды. Депутаттар үстіміздегі жылға арналған облыстық бюджетті нақтылап, ел Үкіметінің тиісті қаулысына сәйкес Петропавл қаласының инженерлік инфрақұрылымын дамытуға бөлінген 900 миллион теңгенің мақсаттық трансфертінің кемітілуімен келісті. Бұл соманы келесі жылға арналған республикалық бюджетте қарастыру ұйғарылған. Сессияда Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі болып Ләззат …

БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІС ЕНГІЗІЛІП, ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ЖАҢА МҮШЕСІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Read More »

АТЖАРЫСҚА ШАҚЫРАМЫЗ

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!28 қыркүйек күні Қызылжар ауданының Бескөл ауылындағы “Құлагер” ипподромында Абылай ханның 300 жылдық мерейтойына арналған мерекелік шаралар өтеді. Мерекелік бағдарлама шеңберінде театрландырылған көрініс, құнан бәйге, жорға жарыс, желісті жылқылар шабысы және аламан бәйге болады.Спорттық мереке сағат 11-де басталады. Баршаңызды шақырамыз. Ресми ақпарат.

ПОЛИЦЕЙЛЕРГЕ ҚАРСЫ КҮШ ҚОЛДАНҒАН үш оқушыға қатысты үкім шығарылды

Солтүстік Қазақстан облыстық кәмелетке толмағандар істері бойынша мамандандырылған ауданаралық сотта полицейлерге қарсы күш қолданғаны үшін аграрлық-техникалық колледждің үш оқушысының үстінен қозғалған іс бойынша үкім шығарылды, деп хабарлады “ҚазАқпарат”. Биыл сәуір айында жатақхананы кешкі тексеру кезінде колледждің екі оқушысы ішімдікке және есірткіге, тағы бір шәкірт ішімдікке мас болғаны анықталды. Олар жатақхана бойынша кезекшінің бөлмесіне бара жатқанда …

ПОЛИЦЕЙЛЕРГЕ ҚАРСЫ КҮШ ҚОЛДАНҒАН үш оқушыға қатысты үкім шығарылды Read More »

МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БҰРЫНҒЫ БАСШЫСЫ 8 ЖЫЛҒА СОТТАЛДЫ

Солтүстік Қазақстан облыстық Мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Талғат Ақылбеков Леонид Агутин мен Анжелика Варумның концертіне тегін билет талап еткені үшін бар мүлкінің тәркіленуімен 8 жылға сотталды. Мұндай үкімді Петропавл қалалық соты шығарды, деп хабарлады “ҚазАқпарат”. Бұған дейін хабарланғандай, Т.Ақылбеков биылғы жылдың 19 ақпанында концерт ұйымдастырушысынан 416 мың теңгеге саятын 26 билет түріндегі пара алғаны үшін …

МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БҰРЫНҒЫ БАСШЫСЫ 8 ЖЫЛҒА СОТТАЛДЫ Read More »

2 АДАМ МЕРТ БОЛДЫ

21 қыркүйекте бесін уақытында “Жезқазған-Петропавл” автожолында Есіл ауданының Амангелді ауылының бұрылысының маңында жол апаты болды.  Юрий КЛЫКОВ, СҚО ІІД-нің баспасөз қызметінің инспекторы. Басып озу кезінде “Лада-21900-115-41” автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, тіркемесі бар “КамАЗ” автокөлігімен соқтығысып қалған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан “Лада” автокөлігінің 60 жастағы жолаушысы оқиға орнында жан тапсырды. Автокөліктің 32 жастағы жүргізушісі және …

2 АДАМ МЕРТ БОЛДЫ Read More »

ОТПЕН ОЙНАМА, КҮЙЕРСІҢ

Жыл басынан бері облыста 478 өрт оқиғасы тіркеліп, оның салдарынан 257 млн. теңгеден астам шығын келтірілді. Тілсіз жау 35 адамның өмірін жалмады, олардың 5-і – бала. Сонымен қатар от құрсауында қалған 33 адам түрлі деңгейдегі жарақаттар алды. Петропавл қаласының 24 жасар тұрғыны 1 және 2 дәрежелі күйікпен ауруханаға түсті. Жас жігіт газ плитада тамақ әзірлеп …

ОТПЕН ОЙНАМА, КҮЙЕРСІҢ Read More »

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ АЙЛЫҒЫ алдын алу шараларымен жалғасуда

Жұлдыз ЕСЕНҒАЗИН, Есіл аудандық ТЖ бөлімінің басшысы. Өрт санын азайту және онда адамдардың қайғылы қазаға ұшырауын болдырмау, сол сияқты ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 19 желтоқсандағы “Өрт қауіпсіздігіне байланысты тұрғындар мен мамандарды оқыту, біліктілікті насихаттау, ақпараттандыру ережелерін бекіту туралы” №1327 қаулысын жүзеге асыру мақсатында қыркүйек бойы облыстағы тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі айлығы өтіп жатыр. Соған …

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ АЙЛЫҒЫ алдын алу шараларымен жалғасуда Read More »

ФЕСТИВАЛЬ АЯСЫНДА

Облыстық Сот актілерін орындау департаментінен шығатын барлық құжаттарды мемлекеттік тілде жолдауға басымдық беру мәселесі апта сайын талқыланады, жолданатын әр құжаттың мемлекеттік тілде орындалуын кеңсе меңгерушісі тексереді және ол басшылықтың жеке бақылауына алынған. Қызметшілердің көпшілігі құжаттарын өздігінен әзірлейді де, оның сауатты орындалуына аудармашы көмегін қажет етеді. Облыста Қазақстан халқы тілдерінің XV фестивалінің салтанатты ашылуына біздің департамент …

ФЕСТИВАЛЬ АЯСЫНДА Read More »

МАМАНДАНҒАН ОТРЯДТЫҢ БЕС БӨЛІМШЕСІ дәстүр мен мәдениеттен сынға түсті

Облыстық Төтенше жағдайдар жөніндегі департаменттің “Өрт сөндіру қызметі және апаттық-құтқару жұмыстары” ММ “Достығымыз жарасқан елміз” атты шығармашылық байқау өткізді. Оған маманданған отрядтың бес бөлімшесінің командалары қатысты. Өртке қарсы қызмет жауынгерлері аталмыш байқауда алдын ала әзірленген бейнетаспалар мен слайдтар арқылы мемлекетімізді мекендейтін бес түрлі халықтың бай мәдениеті мен дәстүрін жұрт назарына ұсынды. Байқаудың екінші кезеңінде қазылар …

МАМАНДАНҒАН ОТРЯДТЫҢ БЕС БӨЛІМШЕСІ дәстүр мен мәдениеттен сынға түсті Read More »

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУ ҮШІН мемлекеттік қызметшілердің біліктілігі арттырылуда

Кеше өңір жетекшісі Самат Ескендіровтің төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.  Арайлым БЕЙСЕНБАЕВА, “Солтүстік Қазақстан”. Салық органдарында сыбайлас жемқорлық-тың алдын алу және мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты баяндаған Салық департаментінің басшысы Қайрат Жолмұхамбетовтің айтуынша, үстіміздегі жылдың бірінші жартыжылдығында салық органдарының 36 қызметкері …

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУ ҮШІН мемлекеттік қызметшілердің біліктілігі арттырылуда Read More »

НҰРОТАНДЫҚТАРДЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

Сейсенбі күні “Нұр Отан” ХДП ӨФ-ның кезектен тыс ХVІІІ конференциясы болып өтті. Онда “Қазақстан – 2050” Стратегиясын жүзеге асыру аясында өңірлік филиалдың алдында тұрған жаңа міндеттер, партияның Саяси доктринасы туралы мәселелер талқыланып, “Нұр Отан” ХДП-ның кезектен тыс ХV съезіне делегаттар сайланды, ӨФ-нің саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізілді, облыстық мәслихаттың депутаттығына кандидаттар ұсынылды.  Нұрсайын ШӘРІП,   …

НҰРОТАНДЫҚТАРДЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС КОНФЕРЕНЦИЯСЫ Read More »

ПОЛТАВКАЛЫҚТАРДЫҢ БИДАЙЫ БЕРЕКЕЛІ, ал олар үшін рапстың орны бөлек

Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. Өңіріміздің агроқұрылымдарының дүбірлі орақ науқанына кіріскеніне көп уақыт өте қоймаса да, Аққайың ауданындағы Полтавка елді мекеніне апаратын тас жолдың бойындағы алқаптар босап, тек кейбір танаптарда ғана дестеге түсірілген дәнді дақылдардың атжалдары көрінеді. “Полтавка” ЖШС-нің директоры Елтай Зікірин ауа райы дәл бүгінгідей шуақты болып тұрса, орақты бір аптаның ішінде аяқтауды жоспарлап отырғандығын …

ПОЛТАВКАЛЫҚТАРДЫҢ БИДАЙЫ БЕРЕКЕЛІ, ал олар үшін рапстың орны бөлек Read More »

СОҢҒЫ ТАНАПТАР ШЫҒЫМДЫЛЫҚТЫ КӨТЕРУДЕ

Облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының кешегі күнге дейінгі жедел деректері бойынша барлық дәнді дақылдардың 3153,6 мың гектары немесе 88,2 пайызы орылды. Орақтың қазіргі мәреге таяу кезеңінде диқандар егін алқаптарын негізінен тура оруға көшті. Бүгінде барлығы 2590,3 мың гектар алқаптың немесе дәнді дақылдардың 72,5 пайызының астығы бастырылды. Науқан басынан бері шаруашылық қырмандарына 3730,0 мың тонна ырыс дәні …

СОҢҒЫ ТАНАПТАР ШЫҒЫМДЫЛЫҚТЫ КӨТЕРУДЕ Read More »

ЖҰҚПАЛЫ КӨЗ АУРУЛАРЫ

Көз ауруына шалдыққанды қалай білуге болады? Көз дамылсыз жасаурап, жиектері іріңдеп, ісінеді. Түйілгендей қышиды. Құм, топырақ түскендей болып түйнеп ауырады. Бұл – конъюнктивит. Аурулардың белгілері көбіне сырқаттың ауыр-жеңіліне қарай әртүрлі болады. Конъюнктивит – көбінесе күзде, жазда кездесетін көз ауруы. Ол көзге микробтың түсуінен, химиялық заттардың жағымсыз әсерінен, топырақ, құм түйіршіктерінен болады. Көбіне бұл ауруды микробтар …

ЖҰҚПАЛЫ КӨЗ АУРУЛАРЫ Read More »

САЗБАЛШЫҚТЫҢ ҚАСИЕТІ

Хайырбек ҚОЖАХМЕТОВ, терапевт-дәрігер. Адам түрлі науқастарға шалдыққанда, суық тигенде балшықпен емдеу ең тиімді әдістердің бірі екені рас. Қазақ мұны ертеден-ақ білген. Сөйтіп түрлі “жылы суларға” барып, емделгені белгілі. Біздің өңірде де бірнеше атаулы “жылы сулар”, көлдер, сорлар, тұзды көлдер баршылық. Осындай ең әсерлі  ем-домның бірі сазбалшықпен емдеу деп есептеледі. Қазір сазбалшықпен емдеу үшін табиғи “жылы …

САЗБАЛШЫҚТЫҢ ҚАСИЕТІ Read More »

ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ және ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЙЫМДАРЫ АТҚАРҒАН (ҚЫЗМЕТТЕР) КӨЛЕМІ

Әлеуметтік қызмет және денсаулық сақтау саласында негізгі қызмет көлемін (94,3%-ын) мемлекеттік мекемелер көрсетеді.  2013 жылғы екінші тоқсанда Солтүстік Қазақстан облысында халыққа медициналық көмек көрсетумен 99 ұйым айналысты, олардың 30-ы – аурухана. 16 ұйым әлеуметтік қызмет көрсетті. Облыстағы әлеуметтік қызмет және денсаулық сақтау ұйымдарымен негізгі қызмет түрі бойынша орындалған қызмет көлемі 6254,2 млн. теңгені құрады. 2013 …

ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ және ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЙЫМДАРЫ АТҚАРҒАН (ҚЫЗМЕТТЕР) КӨЛЕМІ Read More »