«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІС ЕНГІЗІЛІП, ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ЖАҢА МҮШЕСІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

24 қыркүйекте бесінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың кезектен тыс ХХ сессиясы болды. Депутаттар үстіміздегі жылға арналған облыстық бюджетті нақтылап, ел Үкіметінің тиісті қаулысына сәйкес Петропавл қаласының инженерлік инфрақұрылымын дамытуға бөлінген 900 миллион теңгенің мақсаттық трансфертінің кемітілуімен келісті. Бұл соманы келесі жылға арналған республикалық бюджетте қарастыру ұйғарылған.

Сессияда Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі болып Ләззат Ержанқызы Шайхлесова тағайындалды. Ол бұған дейін облысымыздың Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары болып істеген.

Тамара Ткаченко зейнеткерлікке шығуына және еңбек келісімшартының мерзімі аяқталуына байланысты Тексеру комиссиясының мүшесі қызметінен босатылды.

(Өз тілішімізден).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp