«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

САЗБАЛШЫҚТЫҢ ҚАСИЕТІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Хайырбек ҚОЖАХМЕТОВ,

терапевт-дәрігер.

Адам түрлі науқастарға шалдыққанда, суық тигенде балшықпен емдеу ең тиімді әдістердің бірі екені рас. Қазақ мұны ертеден-ақ білген. Сөйтіп түрлі “жылы суларға” барып, емделгені белгілі. Біздің өңірде де бірнеше атаулы “жылы сулар”, көлдер, сорлар, тұзды көлдер баршылық. Осындай ең әсерлі  ем-домның бірі сазбалшықпен емдеу деп есептеледі. Қазір сазбалшықпен емдеу үшін табиғи “жылы суларға” барудың қажеті жоқ. Адам сырқатқа шалдыққанда көбіне жылы ванналарда балшық жағып емдеу тәсілі қолға алынып жүр. Өйткені, табиғи ем-дом көздеріне баруға жылдың кез келген мезгілінде қолайлы жағдай бола бермейді. Айталық, адам қыстың көзі қырауда науқастанса, жазды күтуі керек. Ондайда ауру асқынуы да мүмкін.

Қазір медицинада сазбен емдеудің қырымдық, одессалық, кавказдық сияқты тәсілдері бар. Қырымдық тәсіл бойынша науқасты сазбалшыққа көмеді де 20 минут уақыттан соң жуады. Осылайша араға күн салып, он-он екі мәрте емделеді. Қазақстанда “Мойылды”, “Жаңақорған” сияқты санаторий-сауықтыру кешендері бар. Мұнда кавказдық тәсіл қолданылады. Бұл әдіс бойынша саз-балшық 38-42 градусқа жеткізіліп жылытылған қалпында адамның белгілі бір жеріне жағылады. Бұл емдеу кешендерінде саз-балшықты құяң, белдің ауруы кезінде, буындардың сырқырауына, тізенің, тақымның, тобықтың сыздауы кезінде түрлі әдістерді қолданып жағады. Сазбалшық ішек түйіліп ауырғанда, бауыр сырқатқа шалдыққанда да қажет-ақ.

Петропавл қаласында бүгіндері профилакторийлерде сазбалшықпен емдеу әдісі бар.

Халық арасында “Ана жердің сазы керемет екен! Құлан-таза айығып кеттім” деп белгілі бір жерлерді аузының суы құрып мақтап жатады. Сауықтыру орталығына бармас бұрын, дәрігердің кеңесін алған жөн.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp