«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ АЙЛЫҒЫ алдын алу шараларымен жалғасуда

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жұлдыз ЕСЕНҒАЗИН,

Есіл аудандық ТЖ бөлімінің басшысы.

Өрт санын азайту және онда адамдардың қайғылы қазаға ұшырауын болдырмау, сол сияқты ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 19 желтоқсандағы “Өрт қауіпсіздігіне байланысты тұрғындар мен мамандарды оқыту, біліктілікті насихаттау, ақпараттандыру ережелерін бекіту туралы” №1327 қаулысын жүзеге асыру мақсатында қыркүйек бойы облыстағы тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі айлығы өтіп жатыр. Соған орай Есіл аудандық ТЖ бөлімінің қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен, АІІБ қызметкерлерімен, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен бірге тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша кешенді алдын алу шараларын жүргізіп жатыр.

Айлық кезінде АІІБ қызметкерлерімен бірге 4 рейд ұйымдастырылып, 47 үйдің 100-ден астам тұрғынымен әңгіме өткізілді, қажетті нұсқаулар беріліп, жадынамалар таратылды. Жергілікті атқарушы органдармен бірге ауылдық округтерде тұрғындармен жиын өткізу жоспарының кестесі жасалды.

Тұрғын үй секторында алдын алу жұмыстарын өткізу кезінде әлеуметтік тәуекел топтарына (белгілі тұрағы және жұмыс орны жоқ адамдарға), зейнеткерлерге, аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға ерекше назар аударылады.

Алайда, аудан бойынша қолданылып жатқан шараларға қарамастан, айлық өткізу кезінде 2 өрт болып, одан 45 мың теңгенің материалдық шығыны келді.

18 қыркүйек күні Николаевка ауылында шыққан өртке баланың отпен ойнауы себеп болып отыр. Соның салдарынан 30 центнер шөп отқа оранды, ал қора-қопсыны өрт сөндірушілер аман алып қалды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp