Облыстық ТЖ департаментінің қызметкерлері Қарттар күніне арналған сенбілікке белсене қатысты. 21 қыркүйек күні Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі аумақтық органының басқарма және бөлімдерінің қызметкерлері өз кабинеттері мен ғимарат аумағында тазалық орнатуға білек сыбана кірісті.
Әсия БАТАЛОВА,
облыстық ТЖ департаментінің бөлім басшысы.
Қызу жұмыс кезінде ТЖ және өнеркәсіптік қауіпсіздікке мемлекеттік бақылау жөніндегі басқарманың қызметкері Павел Белоконь өзінің еңбекқорлығымен ерекше көзге түсті.
“Мен өмір бойы еңбек етіп келемін, химия өнеркәсібіндегі, ауыл шаруашылығындағы және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы еңбек өтілім 40 жылдан асты. Президенттің Жаппай Еңбек Қоғамы туралы тұжырымдамасы өте қажет, оған балама жоқ. Қазақстан осы бағытпен жүріп қана күшті ел бола алады”, – дейді ол.
Бұл күні орталық аппарат қызметкерлерінен басқа, департаментке бағынышты мекемелер және аудандық бөлімшелер қызметкерлері де өздеріне бекітілген аумақтарда тазалық орнатты. Онымен шектеліп қана қоймай, облыстық ТЖ органдары ардагерлері кеңесінің есепшотына біркүндік еңбекақы аудару туралы шешім қабылданды.
Департамент қызметкерлері сенбіліктен үйлеріне көтеріңкі көңіл күймен қайтты.