«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕҢБЕККЕ ДИФФЕРЕНЦИАЛДЫ АҚЫ ТӨЛЕУ қызметкерлерді ынталандырады

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Денсаулық сақтау – біздің республикамыздың мемлекеттік саясатындағы басты бағыттардың бірі. Бұған Президентіміздің Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін (БҰДСЖ) енгізу мәселелері көрсетілген былтырғы Жолдауы және 2011-2015 жылдарға арналған “Саламатты Қазақстан” мемлекеттік бағдарламасы куә бола алады.  

Азамат МАҒЗҰМОВ,

“Кардиологиялық орталық” ШЖҚ КМК бас дәрігері.

БҰДСЖ енгізудің мақсаты – жақсы менеджментпен, тұрақты қаржыландыру және еңбекке тиімді дифференциалды ақы төлеумен бәсекеге қабілетті денсаулық сақтау жүйесін құру арқылы медициналық қызмет көрсетудің қолжетімділігін және сапасын жақсарту.

БҰДСЖ аясында Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті түрінде тегін медициналық көмектің кепілді көлеміне Бірыңғай төлеуші құрылды, науқасты емдеуге, диагностикалауға және клиникалық тексеруге кеткен шығындардың орнын бірыңғай толтыру хаттамасы енгізілді, медициналық ұйымдардың аккредитациясы өткізілді, медико-экономикалық тариф бойынша медициналық қызметке ақы төлеудің жаңа жүйесі енгізілді де, кейін клиникалық-шығындық топтар бойынша төлеу болып қайта өзгертілді. Мұның бәрі емделушінің өз таңдауы негізінде стационарлық көмек көрсетуді жетілдіруге, медициналық ұйымдар арасында бәсекелестік ортаны құруға, бүкіл республика бойынша бірыңғай тариф бойынша төленетін, мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Мысалы, жоғары мамандандырылған көмектің жетілдірілуі және бірыңғай республикалық тариф бойынша төлеу Кардиологиялық орталық үшін 2010 жылмен салыстырғанда 2013 жылы кәсіпорынның бюджетін екі есе ұлғайтуға мүмкіндік берді. БҰДСЖ негізгі міндеттерінің бірі болып табылатын, еңбекке дифференциалды ақы төлеуді енгізуге қажет болатын, кәсіпорынның клиникалық-шығындық топтар бойынша қаржыландырылуына көшірілуіне байланысты үнем қорының қалыптасуына мүмкіндік туды.  

Денсаулық сақтауда еңбекке ақы төлеу жүйесін жетілдіру тетігінде еңбек уәждемесі, қызметкерлерді материалдық ынталандырудың жаңа формаларын іздестіру мен енгізу маңызды орын алады. Уәждеме деген, жұмысшы еңбегінің тиімділігі мен сапасын арттыруға жәрдемдесетін, оны шынайы және объективті бағалауға мүмкіндік беретін, сондай-ақ медициналық қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеуге дифференциалды қарау тетігін өңдеу жағдайларын құру дегенді білдіреді. БҰДСЖ енгізілуімен әрбір қызметкердің еңбегіне жеке-жеке баға беруге мүмкіндік туды.

2010 жылдың сәуір айында “Медициналық қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу ережесін бекіту туралы” №249 ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығында қызметкерлерді материалдық ынталандырудың тәртібі мен шарттары алғаш рет бекітілген еді. Осының негізінде дифференциалды төлеу туралы қағиданы, бекітілген бағалау критерийімен әрбір жұмыскердің еңбегін бағалау парағы даярланған, еңбекке дифференциалды ақы төлеуді жүргізуге жауап беретін, үнемі жұмыс істейтін комиссия құрылды.

2010 жылы комиссия отырысы мүмкіндігінше және қажет болғанда өткізілген, ал қазіргі уақытта еңбекке дифференциалды төлеу тұрақты түрде болып отыр. Төлемдер тоқсан сайын төленіп отырады. Комиссия қарауына бөлімше меңгерушілері толтырған әрбір қызметкердің еңбегіне баға беру парағы ұсынылады да, төлем сомасы анықталады. Дифференциалды ақы төлеуге бөлінетін қаражаттың жалпы сомасы үнемдеу көлеміне байланысты болады. Қызметкерге төленетін ақы 2000 теңгеден 1 қызметтік кесімақыға дейін болады. Сапаны бағалау критерийі мен индикаторы үнемі жетілдіріліп, жаңартылып отырады, медициналық қызметке ақы төлеу комитеті мен Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің сараптамасын жүргізу кезінде анықталған ескертулер мен жетіспеушіліктер, сондай-ақ ішкі аудит нәтижелері міндетті түрде ескеріліп отырады. Қазіргі уақытта, бағалау критерийі медициналық қызметкерлерге ғана емес, басқа да жалпы ауруханалық қызметкерлер мен кіші медициналық қызметкерлерге де қолданылып отырады. Егер 2011 жылы еңбекке дифференциалды төлеуге 4627,0 мың теңге бөлінсе, 2013 жылғы 6 айының нәтижесі бойынша ол сома 29901,0 мың теңгені құрап отыр.

Әрбір қызметкердің еңбекке қосқан үлесін есепке ала отырып, еңбегін жеке бағалау мен еңбекке дифференциалды төлеуді белсенді енгізудегі соңғы жылдары біздің кәсіпорын бойынша дәрігерлердің орташа еңбекақылары 15%-ға өсіп, 224 мың теңгені құраса, орта медициналық қызметкерлердің орташа еңбекақылары 19%-ға өсіп, 108 мың теңгені құрады. 2009 жылдан бері біздің Кардиологиялық орталықта диагностикалау мен емдеудің жоғары технологиялары (интервенциялық және кардиохирургиялық көмек) енгізілген, бұл деген дәрігерлердің еңбектерін жеке бағалау қажеттілігін туындатты. Кәсіпорынның дербестік шаруашылыққа көшуінің арқасында 2011 жылғы 1 наурыздағы “Мемлекеттік мүлік туралы” №413-ІV ҚР Заңының 138-бабы 2-тармағының негізінде Орталықтың жетекші мамандарына жеке лауазымдық еңбекақыларын тағайындауға мүмкіндігіміз туды. Бұл ретте, еңбекақы мөлшері тұрақты емес, оның мөлшері жұмыстарының нәтижесіне байланысты болып табылады. Қызметкердің лауазымдық еңбекақысының мөлшеріне әсер ететін, бөлімше бейініне байланысты қызметтерін бағалауда жеке көрсеткіштер дайындалып, бекітіледі. Лауазымдық еңбекақының есебі ай сайын анықталып отырады және бекітілген минимумнан төмен болуы мүмкін емес. Кәсіпорынның қызметі жоғары нәтижелерге жетуі үшін қызметкерлердің кәсіби деңгейін үнемі жоғарылатып отыру керек. Осыған байланысты, жыл бойы дәрігерлер, алдыңғы қатарлы шетел мамандарының қатысуымен (Германия, Израиль, Балтық жағалауы, Франция, Австрия) республикамызда өткізілетін шеберлік сыныптарына, біліктіліктерін арттыруға республикалық орталықтарға, сондай-ақ шетел клиникаларына оқуға жіберіліп отырады. Үстіміздегі жылдың 8 айында дәрігерлердің 65%-ы өздерінің кәсіби біліктіліктерін жетілдірді. Кәсіпорын қызметкерлерінің басым бөлігін орта медициналық қызметкерлер құрайды. Олардың кәсіби даярлықтары мен тәжірибелік дағдыларының нәтижесінен емделушілерге көрсетілетін медициналық көмектің сапасы жақсарады. Олардың да оқытылуларына да көп көңіл бөлініп отырады, тек биылғы жылы ғана 120 орта медициналық қызметкер оқуға жіберілген болатын. Бұл мақсатқа кәсіпорын бюджетінен 7568 мың теңге бөлінген.

Кардиохирургиялық бөлімшеде қолқа тәж тамырлық тұйықтау отасымен қатар, жүрек қақпақшаларына да ота жасалады, бұл деген жүректің созылмалы ревматизмі ауруымен ауыратын науқастарға жоғары мамандандырылған көмек көрсету мүмкіндігін туғызды.

Интервенциялық кардиологияда коронарлық артерияларды ғана емес, сонымен қатар бүйректің перифериялы, мықынбел артерияларын стенттеу игерілді. 2011 жылдың аяғында жүрек ырғағының қиын арқауларымен ауыратын науқастарға алғашқы электрокардиостимуляторлар қойыла бастады. Қазіргі уақытта кардиостимуляторларды біздің дәрігерлердің өздері қойып жүр. 2011 жылғы желтоқсан айының соңынан бастап ангиографиялық кабинеттің тәулік бойғы кезекшілігі ұйымдастырылып, миокард инфарктынан өлім-жітім 2 есе азайтылды.

Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін енгізу және материалдық ынталандыру қызметкерлердің алдарына қойылған міндеттерін сапалы да, уақтылы орындауға ынтасы мен жауапкершіліктерін жоғарылатуға мүмкіндік берді, бұл деген біздің Орталық қызметінің көрсеткіштерін толығымен жақсартып, емдеудің жаңа әдістерін енгізуге септігін тигізді.

Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің енгізілуіне байланысты, әрине, облыстық әкімдіктің, денсаулық сақтаудың уәкілетті органының және бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің түсініспеншілігі мен қолдауының арқасында біздің орталық жетістіктерге жетіп отыр.

Әрбір қызметкердің еңбекке қосқан үлесін есепке ала отырып, еңбегін жеке бағалау мен еңбекке дифференциалды төлеуді белсенді енгізудегі соңғы жылдары біздің кәсіп-орын бойынша дәрігерлердің орташа еңбекақылары 15%-ға өсіп, 224 мың теңгені құраса, орта медициналық қызметкерлердің орташа еңбекақылары 19%-ға өсіп, 108 мың теңгені құрады.  

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp