«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖҰҚПАЛЫ КӨЗ АУРУЛАРЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Көз ауруына шалдыққанды қалай білуге болады? Көз дамылсыз жасаурап, жиектері іріңдеп, ісінеді. Түйілгендей қышиды. Құм, топырақ түскендей болып түйнеп ауырады. Бұл – конъюнктивит. Аурулардың белгілері көбіне сырқаттың ауыр-жеңіліне қарай әртүрлі болады.

Конъюнктивит – көбінесе күзде, жазда кездесетін көз ауруы. Ол көзге микробтың түсуінен, химиялық заттардың жағымсыз әсерінен, топырақ, құм түйіршіктерінен болады. Көбіне бұл ауруды микробтар таратады. Жұқпалы конъюнктивит науқастан адамға көздің іріңі арқылы жұғады. Егер адам одан емделмесе, көз қабынып, нашар көруі немесе мүлдем көрмей қалуы да мүмкін.

Көз ауруларына шалдықпас үшін қоғамдық және жеке бас гигиенасын бұлжытпай орындап отыру әркімнің қаперінде болуы керек. Шаңтозаңды жерде көз кеселіне халық тез шалдығатын болғандықтан, тұрғын үйлер мен жұмыс орындарында ауаның таза болуына ерекше мән берген жөн. Ауру көзден сау көзге микроб таситын бірден-бір мүше – қол екені белгілі. Сондықтан, әрдайым қолды жуып жүруді, таза ұстауды ұмытпаңыз. Қол орамал, бет орамал сияқты жеке бастың заттары қашанда кіршіксіз болсын, кірлегеннен кейін қайнатып, өтектеп отырыңыз. Осы тазалық дағдыларын балалардың бойына жас кезінен сіңірген дұрыс. Баланың жататын төсек-орны бөлек болуы шарт. Оған басқа кісінің орамалымен сүртінуге болмайтынын айтып, өз орамалын салып жүруін қадағалаңыз. Даладан келген соң және ұйықтар алдында беті-қолын сабындап жууына көңіл бөлініп отырғаны абзал. Балаларыңызды жыл сайын окулист-дәрігерге көрсетіп тұрыңыз.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp