«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МАМАНДАНҒАН ОТРЯДТЫҢ БЕС БӨЛІМШЕСІ дәстүр мен мәдениеттен сынға түсті

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық Төтенше жағдайдар жөніндегі департаменттің “Өрт сөндіру қызметі және апаттық-құтқару жұмыстары” ММ “Достығымыз жарасқан елміз” атты шығармашылық байқау өткізді. Оған маманданған отрядтың бес бөлімшесінің командалары қатысты.

Өртке қарсы қызмет жауынгерлері аталмыш байқауда алдын ала әзірленген бейнетаспалар мен слайдтар арқылы мемлекетімізді мекендейтін бес түрлі халықтың бай мәдениеті мен дәстүрін жұрт назарына ұсынды. Байқаудың екінші кезеңінде қазылар алқасы оған қатысушылар дайындаған ұлттық тағамдарға баға берді.

– Біз үлкен дөңгелек нан пісіріп әкелдік. Ол халықтар достығын бейнелейді. Көпэтносты елдің өкілі болғандықтан, аталмыш шараға қатысушылардың бәрі біздің нанымыздан дәм татып, украиндықтардың салт-дәстүрімен және әдет-ғұрпымен жақынырақ таныссын де дік, – дейді Петропавлдағы №5 өрт сөндіру бөлімінің радиотелефонисі Людмила Мандрыгина.

Залға жиналған көрермендер өнер көрсеткен әріптестеріне зор қошемет көрсетіп отырды. Әсіресе, оларға №4 өрт сөндіру бөлімінің бастығы Бақыт Кәрімов орындаған “Беловежская пуща” әні ерекше әсер етті.  

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі бірінші орынды Бақыт Кәрімовтің командасы жеңіп алды. №5 өрт сөндіру бөлімі – екінші, №1 өрт сөндіру бөлімі үшінші нәтиже көрсетті.

– Байқауға қатысушылар әскери адамға тән тәртіптілікпен және актерлік шеберлікпен өздері таңдап алған халықтың өнерін, дәстүрін тамаша көрсетіп шықты. Мемлекеттік тілді жақсы меңгергендіктерін де байқатты, – дейді беларусь мәдени орталығының төрайымы Раиса Солопова.

 

СҚО ТЖД-нің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp