«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БҰРЫНҒЫ БАСШЫСЫ 8 ЖЫЛҒА СОТТАЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облыстық Мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Талғат Ақылбеков Леонид Агутин мен Анжелика Варумның концертіне тегін билет талап еткені үшін бар мүлкінің тәркіленуімен 8 жылға сотталды. Мұндай үкімді Петропавл қалалық соты шығарды, деп хабарлады “ҚазАқпарат”.

Бұған дейін хабарланғандай, Т.Ақылбеков биылғы жылдың 19 ақпанында концерт ұйымдастырушысынан 416 мың теңгеге саятын 26 билет түріндегі пара алғаны үшін күдікті деп ұсталған.

Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментіне продюсерлік орталықтың басшысы шағымданған. Оның айтуынша, Т. Ақылбеков алдыңғы қатарлардан орын бермесең, концертіңді өткізбей тастаймын деп қоқанлоқы көрсеткен.

Нәтижесінде қылмыстық іс бойынша Петропавл соты Мәдениет басқармасының бұрынғы басшысына ҚР ҚК екі бабы бойынша қызметін асыра пайдаланып, қоқан-лоқылықпен пара алды және заңды кәсіпкерліктің қызметіне кедергі келтірді деген айып тақты.

Сотталушының қорғаушысы соттың шығарған үкімімен келіспей, үстінен аппеляциялық шағым жазбақ.

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp