«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СОҢҒЫ ТАНАПТАР ШЫҒЫМДЫЛЫҚТЫ КӨТЕРУДЕ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының кешегі күнге дейінгі жедел деректері бойынша барлық дәнді дақылдардың 3153,6 мың гектары немесе 88,2 пайызы орылды. Орақтың қазіргі мәреге таяу кезеңінде диқандар егін алқаптарын негізінен тура оруға көшті. Бүгінде барлығы 2590,3 мың гектар алқаптың немесе дәнді дақылдардың 72,5 пайызының астығы бастырылды. Науқан басынан бері шаруашылық қырмандарына 3730,0 мың тонна ырыс дәні түсті. Соңғы екі күннің ішінде орташа шығымдылық 14,4 центнерге дейін көтерілді. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде бұл 12,4 центнерді құраған болатын.

Бұрынғысынша астық шығымдылығы жөнінен М.Жұмабаев ауданы алдарына жан салар емес. Енді орыла бастаған өнімі жоғары танаптар гектар шығымдылығын қазір 16,5 центнерге дейін көтеріп отыр. Гектарынан 16,1 центнерден астық жинап жатқан Қызылжар ауданының диқандары да өнімнің жүз пұттық белесінен асты. Осы үздік үштікке енетін Айыртау ауданының егіншілері 15,7 центнерден өнім алуда. Ал 10,0 және 11,8 центнерден өнім алып жатқан Тимирязев, Шал ақын аудандары көш соңында келеді.

Майлы дақылдардың 297,0 мың гектары немесе 67,6 пайызы орылып, оның 132,0 мың гектары немесе 30 пайызы жинап алынды. Әзірге гектар шығымдылығы 12,7 центнерден айналуда. Сол сияқты облыс диқандары келер жылдың егісіне тұқым қорын жасап, оның 482,6 мың тоннасын немесе 94,6 пайызын қоймаға құйып алды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp