Облыстық Сот актілерін орындау департаментінен шығатын барлық құжаттарды мемлекеттік тілде жолдауға басымдық беру мәселесі апта сайын талқыланады, жолданатын әр құжаттың мемлекеттік тілде орындалуын кеңсе меңгерушісі тексереді және ол басшылықтың жеке бақылауына алынған.
Қызметшілердің көпшілігі құжаттарын өздігінен әзірлейді де, оның сауатты орындалуына аудармашы көмегін қажет етеді.
Облыста Қазақстан халқы тілдерінің XV фестивалінің салтанатты ашылуына біздің департамент қызметкерлері де қатысты. Сонымен қатар апта бойы мекемемізде мемлекеттік тіл мәселесін жетілдіруге арналған іс-шаралар кеңінен өткізілді.
Тілдер фестивалі аясында департамент қызметшілері арасында 18 қыркүйекте “Әлем халқының тілдері” атты дәрістік сабақ өткізілді. 25 қыркүйекте “Тіл сағаты” өткізілді, қызметшілер әр тақырып бойынша сұхбат жүргізді.
Міне, осындай шаралар өз нәтижесін беруде. Орыстілді болып кеткен жастар қазақ тілінде сөйлеуге әдеттеніп жүр.
Облыстық Сот актілерін орындау департаментінің баспасөз қызметі.