«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАРТТАР мен МҮГЕДЕКТЕРДІ қолдау сенбілігі ұйымшылдықпен өткізілді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қыркүйек айының үшінші аптасында өткен қайырымдылық сенбілігіне 145 мыңнан астам солтүстікқазақстандық қатысты. Бұл шара өңіріміздегі қарттар мен мүгедек жандарды қолдауға арналды. 

Осынау игілікті іске жиналғандардың пейілдерінің ақтығы болса керек, сол күні ауа райы да шайдай ашылып сала берді. Қайырымдылық шарасына жиналғандар саябақтар мен шағын бақтарды түскен жапырақтар мен қураған шөптерден, шашылған қоқыс қалдықтарынан тазартты.  

Облыс бойынша 4656 ұжым қатысқан сенбілік барысында өңіріміздің 4880410,9 шаршы метр аумағының қоқысы жиналып, 16698,8 тонна қатты қалдық сыртқа шығарылды. 570-тен астам ескерткіштер мен оларға жақын жатқан аумақтар тазартылды. Оның ішінде облыстық атқарушы органдар мен оларға қарасты ведомстволардың, мемлекеттік мекемелер қызметшілерінің атсалысуымен 50-ден астам ескерткіштер абаттандырылды.

Қайырымдылық сенбілігінің қоржынын жолдарды жөндеумен айналысып жүрген жұмысшылар да толықтыра түсті. Сенбілік аясында олар облыстың 450 км.-ден астам жолына жөндеу жүргізді.  

Сенбілік күні өздеріне бекітілген аумақтарды тазалауға ересектермен қатар, облыс мектептерінің оқушылары да атсалысып, қалалар мен елді мекендердің таза әрі әдемі кейпін сақтауға барынша қолғабыстарын тигізді.

Сенбілік аясында жалпы құны 111 431,6 мың теңгенің жұмысы атқарылды.

Түскен қаражаттың 25 113,5 мың теңгесі аудандық ардагерлер кеңестеріне, 8 235,0 мың теңгесі Петропавл қаласының ардагерлер кеңесіне, 5 202,0 мың теңгесі облыстық ардагерлер кеңесінің есепшоттарына аударылды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp