«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ және ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЙЫМДАРЫ АТҚАРҒАН (ҚЫЗМЕТТЕР) КӨЛЕМІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Әлеуметтік қызмет және денсаулық сақтау саласында негізгі қызмет көлемін (94,3%-ын) мемлекеттік мекемелер көрсетеді. 

2013 жылғы екінші тоқсанда Солтүстік Қазақстан облысында халыққа медициналық көмек көрсетумен 99 ұйым айналысты, олардың 30-ы – аурухана. 16 ұйым әлеуметтік қызмет көрсетті. Облыстағы әлеуметтік қызмет және денсаулық сақтау ұйымдарымен негізгі қызмет түрі бойынша орындалған қызмет көлемі 6254,2 млн. теңгені құрады.

2013 жылғы қаңтар-маусымда әлеуметтік қызмет және денсаулық сақтау саласында көрсетілген қызметтердің жалпы көлемінен 94,3% – мемлекеттік меншік мекемелері, 4,5% – жекеменшік және 1,2% – басқа мемлекеттердің, олардың заңды тұлғалары мен азаматтарының меншігіндегі кәсіпорындар көрсеткен.

Әлеуметтік қызмет және денсаулық сақтау саласында негізгі қызмет көрсету төлемінің көзі бұрынғыдай бюджет қаражаты болып қалуда, ол жалпы қызмет көлемінің 92,1%-ын құраған. Халықтан түскен қаражат есебінен төленген қызметтер үлесі 5,3%-ды құрады, қалған бөлігі, 2,6%-ы кәсіпорындар қаражаты есебіне келеді.  

Қызметтердің едәуір көлемі ауруханалардың қызметі есебінен қалыптасты, олар 3161,1 млн. теңге сомасына (қызметтердің жалпы көлемінен 56%) қызмет көрсетті. Жалпы дәрігерлік практика қызметтері 1041,2 млн. теңге сомасына (18,5), адам денсаулығын қорғау жөніндегі қызметтер 666,8 млн. теңге сомасына (11,8) көрсетілді, мамандандырылған дәрігерлік практика қызметтері 585,4 млн. теңге сомасына (10,4), стоматология саласындағы қызметтер 188,8 млн. теңге сомасына (3,3%) көрсетілді.

Облыстық Статистика департаменті.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp