«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

III ЕУРАЗИЯ СПОРТ ОЙЫНДАРЫНДА ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ 3 алтын, 3 күміс, 6 қола медальге ие болды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жуырда өз мәресіне жеткен III Еуразия спорт ойындарында солтүстікқазақстандық спортшылар жеңіс тұғырынан көріне білді.

Оңтүстік астанамызда өткен жарыста айыртаулық Александра Хожаева 37кг. салмақ дәрежесінде қыздар күресінен 1-ші орынға ие болды. Жеңіл атлетикадан алтын медальге ие болған жерлестеріміз – Максим Исаев пен Лада Фомина. Л.Фомина 2 мың м. қашықтықта алтын медальге ие болса, М. Исаев 4х400 м. эстафетада чемпион атанды. Бұл Максим Исаевтың соңғы жемісі емес еді. Ол 100 метрлік эстафетада – 2-ші, 110 м. кедергімен жүгіруде және диск лақтыруда – 3-ші орын алды. 2 мың метрлік қашықтыққа кедергілермен жүгірген Никита Головкин күміс медальді иеленді. Анастасия Сарамотина балға мен ядро лақтыруда 3-ші орынға жайғасты. Юлия Лукьянова да 100 м. қашықтықта 3-ші болып келді. Қола медальге ие болған жерлестеріміз ішінде Яков Кужилин де бар. Ол үш дүркін секіруде 3-ші болды.

Велоспорт жарысында Богдан Гапотченко, Арман Тұрлин еліміздің құрамасында өнер көрсетіп, жалпыкомандалық есепте күміс медальдің иегерлері атанды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp