Осыдан он жылдай бұрын облыстық Мемлекеттік өртке қарсы қызмет басқармасы басшылығының бастамашылығымен ардагерлер кеңесі құрылды. Ол кезде бұл біздің республикамыздағы “101” қызметінің бірден-бір ақсақалдар ұйымы еді.
Сағынбай УВАЛИЕВ,
ТЖД ардагерлер
кеңесі облыстық
филиалының төрағасы.
Енді Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті бөлімшелерінің ардагерлерінің басын біріктіре отырып, барлық облыстарда осындай ардагерлер кеңестері жұмыс істейді, ал олардың жұмысын ҚР ТЖМ республикалық ардагерлер кеңесі басқарады. Жалпы күш-жігердің және ТЖ министрі В.Божконың және департамент басшылығының бөлген назарының арқасында зейнеткерлер салмақты моральдық және материалдық қолдауды сезіне білді. Облыстық Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің және ведомствоға бағынышты мекемелердің қызметкерлері жылына екі рет өздерінің біркүндік еңбекақыларын ардагерлер кеңесінің есепшотына аударады. Көрсетілген қамқорлыққа жауап ретінде ардагерлер өз тараптарынан қолдарынан келгенше көмек көрсетіп жатады. Яғни, өздерінің сан жылдар бойы жинаған мол тәжірибелерін жас қызметкерлердің бойына дарыта отырып, оларды отансүйгіштікке баулып, таңдаған кәсіптеріне адал болуға және міндеттерін абыроймен атқаруға үндейді.
ТЖД бөлімшелерінде ардагерлер кеңесінің бірінші төрағасы Мұқатай Айтбаевты жиі көруге болады. Қадірменді ақсақал, өзінің 90-ға келгеніне қарамастан, СҚО ТЖД қызметіне ғана көмектесіп қоймайды, сонымен қатар өңірдің қоғамдық өміріне де белсене қатысады.
Суда құтқару қызметінің бұрынғы басшысы, зейнеткерлік демалыстағы Олег Шагимарданов әлі күнге дейін осы салаға тәлімгерлік етеді және нағыз энтузиаст ретінде алға қойылған міндеттерді орындауға көмектеседі. Людмила Волкова да өзінің бұрынғы әріптестерінің өтініштеріне қуана үн қатады. Ардагерлер кеңесінің негізі қаланғаннан бастап, жігерлі де қайсар Ноғай Жамалиев әрдайым қалың жұмыстың ортасында. Көп жылдар бойы ардагерлер кеңесін басқарған Болат Бұлқайыров қазір де жұмыста белсенді көмекші болып қалуда. Зоя Юхновецтің, Сағит Сүлейменовтің және басқа да кеңес мүшелерінің беделдері жоғары. ТЖД ардагерлер кеңесі Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл қызметкерлеріне, қарт және науқас зейнеткерлерге ерекше көңіл бөліп, материалдық көмек көрсетіп отырады. Мереке күндері барлық ТЖД ардагерлері сыйлық алады. Жыл сайын республикалық ардагерлер кеңесі санаторлық-курорттық ем алуға жолдама бөліп отырады. Осы айда солтүстікқазақстандық зейнеткерлердің бір тобы Бурабайға демалысқа аттанады.
Ардагерлер ұйымдарына әдістемелік тұрғыдан да үлкен көмек көрсетіледі. Жуырда республикалық ардагерлер кеңесінің мүшесі Қайрат Қанафинмен кездесу ұйымдастырылды. Ол жиналғандарды Төтенше жағдайлар министрлігі қабылдаған ардагерлер ұйымының жұмысына қатысты маңызды бұйрықтармен және шешімдермен таныстырды. Бұл құжаттарда келешек ұрпақтың игі істерді жалғастыруын жүзеге асыру мақсатында ардагерлерді ТЖД жұмысына жан-жақты қатыстыруға ерекше назар аударылған. СҚО ТЖД зейнеткерлері Қайрат Сейітұлына атқарылған жұмыстар үшін алғыс айтып қана қойған жоқ, сонымен қатар Олег Шагимарданов министрлікке күші бар заң шеңберінде Суда құтқару қызметінің проблемаларын талқылау туралы өз ұсынысын жолдады.
Қайрат Қанафинмен әңгімелесу тек ардагерлер ұйымдарының мәселелерімен шектелген жоқ. Әңгіме емен-жарқын жағдайда өтті, өйткені ол көп жылдар бойы біздің облыстың өртке қарсы қызметін басқарған. Свердловск өрт-техникалық училищесінің түлегі, жас лейтенант аудан инспекторы лауазымында өзінің алғашқы еңбек қадамдарын басқан, ал зейнеткерлік демалысқа өзін “101” қызметінің тәжірибелі басшысы ретінде көрсете отырып, полковник шенінде шықты. Қайрат Сейітұлымен бірге жұмыс істегендердің барлығына оның жоғары кәсіби, сонымен қатар қайырымдылық, игі ниеттілік, көмекке келуге дайындық, адамдарды жақындастыра алу сияқты адамгершілік қасиеттері мәлім. Қайрат Қанафин Петропавл станциясындағы күрделі өртті сөндіру кезінде батыл офицер ретінде ерекше көзге түсіп, “Өрттегі ерлігі үшін” медалімен марапатталған.
Қазіргі уақытта отставкадағы полковник Астана қаласында тұрады, бірақ туған өлкесіне жиі келіп, ТЖД жұмысына белсенді араласады. Міне, ол осы жолы да жас қызметкерлерге өзінің жақсы тілектері мен өсиетін айтып, бөлімшелерді аралап шықты.
ТЖД бөлімшелерінде қазір еңбек етіп жатқандар өздерінің қиын міндеттерін табысты орындайды және ардагерлердің игі дәстүрлерін кішілік ілтипатпен жалғастырып келеді. Осы кездесу республикамыздағы жақсы бөлімшелердің бірі, Серік Битанов басқаратын №3 МӨСБ-де өткені біз үшін үлкен қуаныш.