«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАРЫСТА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru
16-22 қыркүйек айында Қарқаралы қаласында спорттық бағдарлау бойынша республикалық чемпионат өтті. Жарыста 250 үміткер өзара бақ сынасты.
Облысымыздың намысын “Қарасай” олимпиадалық емес жоғары спорттық шеберлік мектебінің 5 тәрбиеленушісі қорғады. Оларды аталмыш мектептің жоғары санатты жаттықтырушы – ұстаз Юрий Чуприков жаттықтырады. Күміс медальдерге Халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері Наталья Чуприкова мен Аслан Тоқбаев және спорт шеберіне үміткер Дарья Налобина ие болды. Спорттық бағдарлау бойынша Дарья Налобина 800 баллды арақашықтықта 57 минут 23 секунд нәтиже көрсетіп, ҚР спорт шебері атанды.
Сайыста бірінші орынды әйелдер құрамасы жеңіп алды. Наталья Чуприкова, Дарья Налобина, Әсем Назырова эстафета сайысында алдына жан салмады.
(Өз тілшімізден).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp