«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МҮГЕДЕКТЕРГЕ МЕДАЛЬ ЖАУҒАН ЖАРЫС

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Голландияда өткен мүгедектердің бүкілдүниежүзілік ойындарында жерлесіміз Владимир Эрман екі медаль жеңіп алды.

Бұл ойындарда Қазақстанның Ұлттық құрамасы 26 медальды ұтып алды. Мұншама медальды еліміздің алғаш рет жеңіп алуы. Жарысқа 35 елден келген 500-ге жуық спортшы қатысты. Еліміздің намысын спорттың үш түрінен 16 үміткер қорғады.

Бұл ойындар екі жылда бір рет ұйымдастырылады. Өткен ойындар 2009 жылы Бангалор (Индия) және 2011 жылы Шарджа (БАӘ) қалаларында өтті.

Жарыста қазақстандық спортшылар бірінен соң бірі жеңіс тұғырына көтерілді. Жерлесіміз Владимир Эрман 100 метрлік қашықтыққа жүзуде алтын медальді иеленді. Сондай-ақ 100 метрлік қашықтықта брасс әдісімен жүзуде қола медальді ұтып алды. Ол еңбек сіңірген спорт шебері нормативін де орындады.

Ол мүмкіндігі шектеулі жарымжан адамдарға арналған “Үміт” спорт клубында жаттығады. Мұнда мүгедектер спорттың 9 түрімен (шағын футбол, футбол, жағажай футболы, пауэрлифтинг, спорттық қол арба үстіндегі жарыс, шаңғы жарысы, жеңіл атлетика, дартс және жүзу) айналыса алады. Қазіргі таңда клубта 70-тен астам адам спортпен шұғылданады. Клубтың ашылуының арқасында Владимир Эрман сияқты жарымжан спортшылардың жоғары спорттық нәтижелерге ие болуына мүмкіндік туды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp