«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОТПЕН ОЙНАМА, КҮЙЕРСІҢ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жыл басынан бері облыста 478 өрт оқиғасы тіркеліп, оның салдарынан 257 млн. теңгеден астам шығын келтірілді. Тілсіз жау 35 адамның өмірін жалмады, олардың 5-і – бала. Сонымен қатар от құрсауында қалған 33 адам түрлі деңгейдегі жарақаттар алды.

Петропавл қаласының 24 жасар тұрғыны 1 және 2 дәрежелі күйікпен ауруханаға түсті. Жас жігіт газ плитада тамақ әзірлеп жатқан кезінде қолы мен бетіне қайнап жатқан май шашыраған.

Петропавл қаласындағы Дзержинский 2-ші тұйық көшесі, 31 “а” мекенжайындағы тұрғын үйдің екінші қабатында өрт шықты. Оны ауыздықтауға СҚО ТЖД-нің АӨС-3 және ӨС-1 құралдары мен күштері жұмылдырылды. Өрт сөндіру кезінде 6 адам сыртқа шығарылды, оның біреуі – бала. Болжам бойынша, электр сымдарының қысқа тұйықталуынан шыққан өрттің аумағы 100 шаршы метрді құрады.

Осындай жағдайда Айыртау ауданындағы Воскресеновка ауылының гаражында да өрт шыққан. Оны ауыздықтауға өртсөндірушілер бір сағаттай уақыт кетірген.  

Есіл ауданындағы Николаевка және Явленка ауылдарында балалардың шөп қоймасында отпен ойнауының соңы 6 тоннадан астам шөптің өртеніп кетуімен тынған.

Жамбыл ауданындағы Пресновка ауылында тапа тал түсте белгісіз біреулер аулада тұрған шөпке от лақтырып кеткен. Өртсөндірушілер қожайындардың тұрғын үйі мен қора-қопсысын және оған жапсарлас үйілген 4 тонна шөпті оттан аман алып қалғанымен, ауладағы 1 тонна шөп жанып кеткен.

Облыс орталығындағы К.Сүтішев көшесінің бойындағы көпқабатты үйлердің ауласында тұрған “Тойота-Каролла” автокөлігіне де белгісіз қас-көйлер от қойған.

Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның Ставрополка ауылында “Анюта” дүкенінің таң ата отқа орануына да бәз біреулер себепкер болды деген болжам бар. Өрттің салдарынан дүкеннің шатыры мен оның алдына үйілген шпалдар күйген.

Айыртау ауданының орталығы Саумалкөл ауылында өрт қауіпсіздігі ережесін сақтамаудан пешінен жалын шығып, жекеменшік моншаны өрт шалды.

Күннің суытуына байланысты кейбір жеке үйлердің тұрғындары от жаға бастады. Бұл тұрғын үйлерде өрт шығу қаупінің артуына әкеледі. Сондықтан, тұрғындарға оттың шығуының алдын алу үшін өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын сақтау қажеттігін ескертеміз.

СҚО ТЖД-нің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp