«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ПОЛИЦЕЙЛЕРГЕ ҚАРСЫ КҮШ ҚОЛДАНҒАН үш оқушыға қатысты үкім шығарылды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облыстық кәмелетке толмағандар істері бойынша мамандандырылған ауданаралық сотта полицейлерге қарсы күш қолданғаны үшін аграрлық-техникалық колледждің үш оқушысының үстінен қозғалған іс бойынша үкім шығарылды, деп хабарлады “ҚазАқпарат”.

Биыл сәуір айында жатақхананы кешкі тексеру кезінде колледждің екі оқушысы ішімдікке және есірткіге, тағы бір шәкірт ішімдікке мас болғаны анықталды. Олар жатақхана бойынша кезекшінің бөлмесіне бара жатқанда колледж директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары екі учаскелік полиция инспекторын шақырған.

Сот әңгімелесу барысында оқушылардың бірі полицейлердің бірін күтпеген жерден нысанды киімінен ұстап тұрып, бетінен жұдырықпен ұрып жібергенін анықтаған. Олардың арасында төбелес басталып кетеді, алайда, учаскелік инспектор жігітке қарсы күш қолданбағанын, оны қолынан ұстап қалуға ғана тырысқанын айтқан. Екінші оқушы жерде жатқан учаскелік инспектордың басынан тебуге кіріскен.

Сот-медициналық сараптама полицейлердің бірқатар дене жарақаттарын алғанын көрсеткен.

Сот үкімімен оқушылардың үшеуі де ҚР ҚК 231-бабы 1-бөлімі бойынша айыпты болып танылды. Оларға бір жылдан екі жылға дейін бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Аталған жазалау шарасы бойынша сотталғандар мамандандырылған мемлекеттік органға хабарламай, тұрғылықты орнын, жұмыс орнын және оқу орнын ауыстыра алмайды, көңіл көтеру мекемелеріне және көпшіліктің демалыс орындарына бара алмайды, жұмыс және оқу кестесіндегі өзгерістер туралы 24 сағат бойы мамандандырылған мемлекеттік орган әкімшілігіне хабарлауға міндеттенеді.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp