Конкурс туралы ереже
Конкурстың негізгі идеясы: өңіріміздегі әлеуметтік және қоғамдық өмірге, тәуелсіздіктің орнығуына және азаматтық қоғамның құрылуына айтарлықтай үлес қосқан облыстық үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) жұмысындағы жетістіктерін қоғам алдында көтермелеу. Қазақстанның өмір сапасы стандарты жоғары серпінді, осызаманғы мемлекет ретінде дамуы орнықты азаматтық қоғамдағы азаматтық белсенділік пен азаматтардың іскерлігіне байланысты.
Солтүстік Қазақстан облысында көптеген патриоттық сезімдегі әлеуметтік жағынан белсенді азаматтардың еліміздің әлеуметтік, қоғамдық-саяси өміріне қоғамдық ұйымдардың жұмыстары арқылы қатысу тәжірибесі қалыптасқан. Осы көптеген ҮЕҰ-ның ерекше жұмыстары қоғамдық келісімді және мемлекеттің тұрақтылығын нығайтуға қызмет етіп, қоғам тарапынан мойындалуға лайық. “Жылдың үздік ҮЕҰ” конкурсы – үкіметтік емес ұйымдарды қоғамдық танудың және көтермелеудің бір тетігі.
Конкурстың мақсаты
Тәуелсіздіктің қалыптасуына және өңіріміздегі азаматтық қоғамның дамуына айтарлықтай үлес қосқан ҮЕҰ-ды тану және көтермелеу.
Конкурсты ұйымдастырушылар
Облыстық Ішкі саясат басқармасының қолдауымен “Солтүстік Қазақстан облысының Азаматтық альянсы қауымдастығы” ЗТБ.
Қатысу шарттары
Үміткерлер конкурсқа қатысу үшін 2-қосымшадағы нұсқа бойынша өтініштің электрондық нұсқасын толтырады. Жеңімпаздарды конкурстық комиссия іріктейді.
Конкурсқа кімдер қатыса алады?
Конкурсқа қатысуға Солтүстік Қазақстан облысында тіркелген коммерциялық емес үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) шақырылады.
Конкурсқа қатысу туралы өтінішті үміткердің өзі беруі қажет.
Алғашқы іріктеуден кейін ұйымдастырушы әділ шешім шығаруға мүмкіндік беретін қосымша құжаттар сұрата алады.
Жеңімпаздарды іріктеу қағидаттары мен өлшемдері
Конкурстық комиссия үміткерлерді бекітілген конкурс аталымдарына сәйкес іріктеп, аталымдар бойынша жеңімпаздарды айқындайды.
Номинаттарды іріктеудің негізгі өлшемдері:
* Үміткердің конкурс ережесіне сәйкестігі;
*Азаматтық қоғаммен және билік органдарымен өзара қимыл тәжірибесі;
*Жұмыс нәтижесінің орнықтылығы;
*Жұмыс нәтижесінің мақсатты топтардың, өңірдің, тұтастай елдің өміріндегі маңыздылығы және әлеуметтік тиімділігі;
*Тәжірибе мен жұмыс нәтижесін тарату (мультипликативтік нәтиже);
*Жұмыстың және жүзеге асырылған жобалардың әлеуметтік маңыздылығы;
*Қызметтің іс-жүзіндегі мұқтаждыққа, мақсатты топтар ұйымдарының қажеттілігіне сәйкестігі;
*Жұртшылық пен БАҚ-тың ұсыныстары, пікірлері.
Конкурстық комиссия өтініштерді қарап, ізденушілерге қойылатын талаптарға сәйкес дауыс беру арқылы әр аталым бойынша жеңімпаздарды анықтайды.
Конкурсқа өтінім беру мерзімі
Өтінім 2013 жылдың 23 қыркүйегінен 11 қазанға дейін қабылданады.
Конкурсқа өтінім жіберу мекенжайы
Өтінім тек электрондық нұсқада irms@mail.ru электрондық поштасы арқылы қабылданады.
Өтінім “Солтүстік Қазақстан облысының Азаматтық альянсы қауымдастығы” ЗТБ төрағасы С.Г.Худяковтың атына жіберіледі.
Қосымша ақпарат мына телефон бойынша: 8 (7152) 37-68-30.
№1 қосымша. Аталымдар тізбесі.
№2 қосымша. Өтінім нышаны.
№1 қосымша
“2013 жылдың үздік ҮЕҰ” конкурсының аталымдар тізімі
1. “Азаматтық қоғамның қалыптасуына қосқан үлесі үшін” – ҮЕҰ және билік органдары арасындағы серіктестікті, ҮЕҰ институтын дамыту бойынша қызмет етіп келе жатқан ҮЕҰ иелене алады.
2. “Шекарасыз әлем” – ділі және табиғи қабілеті шектеулі адамдармен (мүгедектермен және т.б.) ұдайы жұмысты жүргізетін ҮЕҰ иелене алады.
3. “Әртүрлі тұлғалар, тең мүмкіндіктер” – ұдайы негізде гендерлік мәселелермен айналысатын ҮЕҰ иелене алады.
4. “Балалар – біздің болашағымыз” – балалар және жастардың ұйымдары иелене алады.
5. “Еріктіліктің дамуына қосқан үлесі үшін” – қайырымдылық пен еріктілікті дамыту бағытында тұрақты айналысатын ҮЕҰ иелене алады.
6. “Адам құқығын қорғау және ілгерілету” – құқық қорғаушы ҮЕҰ иелене алады.
7. “Таза ғаламшар” – экологиялық ұйымдар иелене алады.
8. “Бейбітшілік күзетінде” – әскери – патриоттық ҮЕҰ иелене алады.
9. “Дені сау ұлт – өркендеуші Қазақстан” – саламатты және спорттық өмір салтын жүйелі түрде насихаттаушы ҮЕҰ иелене алады.
10. “Медицина және қоғам” – аурудың алдын алу, әртүрлі сырқаттың зардабын тартқан азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсетіп жүрген ҮЕҰ иелене алады.
11. “Жасампаз” – бұл аталымға мәдениет және өнер саласында, шығармашылықты дамыту бағытында тұрғындармен жұмыс істейтін ҮЕҰ иелене алады.
12. “Білімнің дамуына қосқан үлесі үшін” – білім беру саласында қызмет ететін ҮЕҰ иелене алады.
13. “Қайырымдылық” – ҮЕҰ ішінде әлеуметтік қорғау, халықтың әлжуаз топтарымен қызмет ететіндер иелене алады.
14. “Ақпарат – жетістіктің негізі” – ақпараттық-ресурстық орталықтар бойынша қызмет көрсету тәжірибесі бар ҮЕҰ иелене алады.
15. “Дін және қоғам” – діни секталардың әсерінен зардап шеккен адамдармен, діни экстремизмнің алдын алу бойынша қызмет ететін ҮЕҰ иелене алады.
16. “Мәдениетке ұқыпты қарау” – этномәдени ұйымдар иелене алады.
17. “Кәсіпкерлікті дамытуға қосқан үлесі үшін” – кәсіпкерлікті тұрақты негізде дамытып, қолдау көрсетіп, кәсіпкерлерді біріктірумен айналысып жүрген ҮЕҰ иелене алады.
№2 қосымша
“2013 жылдың үздік ҮЕҰ” конкурсына қатысу
үшін берілетін өтінімнің үлгісі
1. Үміткердің мемлекеттік тіркеуден өткендігі жөніндегі куәлігімен сәйкес келетін ұйымның толық атауы
__________________________________________________________
2. Үміткер ұйым өкілінің аты-жөні
___________________________________________________________
3. Ұйым қатысуға ниет білдірген “2013 жылдың үздік ҮЕҰ” конкурсы аталымының атауы
___________________________________________________________
4. Үміткер ұйымның байланыс ақпараттары: (телефон, электронды пошта, пошта мекенжайы)
____________________________________________________________
5. Конкурсқа үміткер ұйымының міндеті
____________________________________________________________
6. Конкурс үміткерінің нақты мақсатты тобы
____________________________________________________________
____________________________________________________________
7. Конкурс үміткері ұйымы қызметінің сипаттамасы
____________________________________________________________
____________________________________________________________
8. Бұл қызмет ұйымның мақсатты тобына және тұтастай өңірге, елге, Қазақстандағы азаматтық қоғамның дамуына қандай әлеуметтік үлес қосты:
____________________________________________________________
____________________________________________________________
9. Конкурсқа өтінім беруші ұйымның аталым бойынша неліктен иегер атануы тиіс екендігі көрсетілетін қосымша ақпарат:
____________________________________________________________
____________________________________________________________
10. Үміткер ұйымға мінездеме бере алатын екі ұйымның атауы және байланыс деректерін көрсетіңіз
____________________________________________________________
____________________________________________________________
11. Өтінімді толтыру күні________________________________________
12. Конкурсқа үміткер ұйымды ұсынған ұйым немесе тұлғаның деректері мен байланыс ақпаратын көрсетіңіз
___________________________________________________________
____________________________________________________________
Толтырылған өтінімнің үлгісі мерзімінде 2013 жылғы 11 қазанға дейін тек электрондық поштамен “Солтүстік Қазақстан облысының Азаматтық альянс қауымдастығы” заңды тұлғалар қоғамдастығының төрағасы С.Г.Худяковтың атына жіберілуі тиіс. Тел.: 8(7152) 37-68-30, irmis@mail.ru