«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫ КӨРСЕТКЕН ҚЫЗМЕТТЕР КӨЛЕМІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Білім беру саласында қызметтердің негізгі көлемін (95,3%-ын) мемлекеттік мекемелер көрсетеді.

2013 жылғы екінші тоқсанда білім беру саласындағы қызметтерді 815 ұйым көрсетті. Облыстың білім беру ұйымдарының негізгі қызмет түрі бойынша орындаған қызметтерінің көлемі 12137,9 млн. теңгені құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда білім беру қызметтерінің көлемі 8,2%-ға азайды.

Білім беру саласындағы қызметке ақы төлеудің негізгі көзі бюджет қаражаты болып қалуда, олар қызметтердің жалпы көлемінің 92,9% құрайды. Халықтан түскен қаражат есебінен төленген қызметтер үлесі 6,3%-ды құрады, қалған бөлігі – 0,8%-ы, кәсіпорындар қаражаты есебіне келеді.

Ең үлкен үлес салмақты негізгі және жалпы орта білім беру саласындағы қызметтер алады, олардың көлемі 6493 млн. теңгені немесе қызметтердің жалпы көлемінен 53,5%-ды құрады. Бастапқы білім беру саласында – 1411 млн. теңге (11,6%), мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру саласында – 1215,5 млн. теңге (10), техникалық және кәсіптік орта білім саласында – 1232 млн. теңге (10,2), жоғары білім беру саласында 938,8 млн. теңге (7,7%) сомасына қызмет көрсетілді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp