Облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының кешегі күнге дейінгі деректері бойынша дәнді дақылдардың 2766,7 мың гектары немесе 77,4 пайызы орылды. Науқан басынан бері барлығы 4028,3 мың тонна астық бастырылып, орташа гектар шығымдылығы 14,6 центнерден айналып отыр. Бұл көрсеткіш өткен жылғы сәйкес кезеңде 12,4 центнерді құрады.
Гектар басы 16,5 центнерден өнім алып жатқан М.Жұмабаев ауданының диқандары жоғары шығымдылыққа ие. Танап берекесін 16,1-15,7 центнерден айналдырып отырған Қызылжар және Айыртау аудандарының егіншілері де көш басында келеді.
Астық шығымдылығы төмен Тимирязев ауданында – 11, Шал ақын ауданында 11,8 центнерден өнім алынуда.
Кешегі күнге дейін 313,1 мың гектардың майлы дақылдары орылды бұл егін көлемінің 71,3 пайызын құрайды. Науқан басынан бері майлы дақылдардың 155,0 мың гектары немесе 35,3 пайызы бастырылды. Орташа гектар шығымдылығы 12,5 центнерден айналып отыр.
Облыс бойынша 491,1 мың тонна тұқым құйып алынды, бұл келер егіске қажеттіліктің 96,3 пайызын құрайды.