«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕГДЕ ЖАСТАҒЫ ТҰРҒЫНДАР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru
Еңбек етуге қабілетті жастан асқан тұрғындардың саны облыс тұрғындарының 15,4% құрайды.
2013 жылдың 1 қаңтарына облыста 89,4 мың еңбек етуге қабілетті жастан асқан адам тұрады. Оның ішінде 24,1 мың адам – ерлер, 65,4 мың адам – әйелдер. Зейнеткерлердің жалпы санынан 40,4 мың адам қалалық жерде, 49,1 мың адам ауылдық жерде тұрады.
Әйелдердің өмір сүру ұзақтығы ерлерге қарағанда артық болғандықтан (2012 жылы Солтүстік Қазақстан облысында гендерлік алшақтық 10,7 жылды құрады), егде адамдардың көпшілігін әйелдер құрайды. Үстіміздегі жылдың басына 100 зейнет жастағы әйелге 79 ер келеді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жіктеліміне сәйкес «ұзақ жасайтындар» деп 90 жастағылар аталады. Біздің облыста 90 жастағы және одан асқан 716 қария тұрады, оның ішінде 94-і – ерлер және 622-сі – әйелдер.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp