«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕҢБЕК КИКІЛЖІҢІН ЕЛЕМЕУГЕ БОЛМАЙДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бұрнағы күні “Солтүстік Қазақстан облысы Азаматтық альянсы қауымдастығы” ЗТБ еңбек кикілжіңінің алдын алу, ескерту және реттеу жөнінде семинар өткізді. Аталмыш шараны Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстанның Азаматтық альянсы еліміздің әр өңірінде өткізуде. 

Арайлым БЕЙСЕНБАЕВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Семинарға ауылдық округтер әкімдері аппаратының мамандары, аудандардағы мемлекеттік органдардың өкілдері, қоғамдық ұйымдардың жетекшілері қатысты. Оларға еңбек кикілжіңінің туындауы мен оны болдырмаудың жолдары жайында баяндаған “Солтүстік Қазақстан облысының Азаматтық альянсы қауымдастығы” ЗТБ-нің төрағасы Сергей Худяков жанжалдың заңды және заңсыз түрлеріне тоқталды. Оның айтуынша, үздіксіз жұмыс істеуі тиіс нысандардың (денсаулық сақтау ұйымдары, авиация, атом станциясы және тағы басқалар) жұмысшылары жұмыс орнын тастап, ереуілге шықса, бұл заңсыз болып танылады. Егер осындай нысандарда еңбек қақтығысы туындаса, оны мемлекет реттейді. Осы орайда семинарға қатысушылар облыстық мәслихаттың 2013 жылдың 2 шілдесіндегі “Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына 25 пайызға жоғары жалақы мен тарифтік ставкалар белгілеу” туралы шешімінің жергілікті жерде орындалмай отырғандығын ашық айтты. Аталмыш шешім бойынша облыстық бюджеттен қаржы бөлінгенімен, ол аудандық деңгейде төленбей жатқанын айтқан семинарға қатысушылар мұндай жағдайда не істеу керектігін сұрады. Бұл орайда Сергей Худяков аудан әкіміне немесе жергілікті ведомстволардың басшыларына хат жазу қажет екендігін айтты.  

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp