«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАЛПЫҒА ОРТАҚ ЖЕТІСТІКТІҢ ЖЕТІ ФАКТОРЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Артур МОЛДАҒҰЛОВ,

“Нұр Отан” ХДП Солтүстік Қазақстан облыстық

филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

“Нұр Отан” ХДП-ның кезектен тыс XV съезіне дайындық аясында партияның ұзақ мерзімдік кезеңге арналған идеялық-дүниетанымдық көзқарасы мен құндылықтары баяндалған жаңа Саяси доктринасы барлық жерде қызу талқылануда. Доктрина Мемлекет басшысының “Қазақстан – 2050” Стратегиясын идеологиялық және саяси қолдауды қамтамасыз етуді мақсат ететін мемлекеттің кешенді даму жоспарына тән жүйелі және ауқымды сипатқа ие.  

Доктрина негізінде мемлекеттің басым көпшілік азаматтарына түсінікті және жанына жақын игі мақсаттың төңірегіне топтасқан, Қазақстанның тағдыры үшін жауапкершілікті өз мойнына алуға қабілетті барлық күштерді шоғырландыру идеясы бар.

Доктринада жалпыға ортақ жетістікке жету жолындағы партия жұмысының негізгі бағыттарын көрсететін жеті басымдық айқындалған. Маңыздылығы жағынан анықтасақ, бірінші орында – ұлттың бірлігі мен келісімі, рухани адамгершілік құндылықтар, содан кейін – қуатты экономика, адал әлеуметтік саясат, зияткер ұлт, осыдан кейін ғана – тиімді мемлекет және әлемге ашық Қазақстан. Сөйтіп, адам құқығы және азаматтық қоғамның басымдығы алдыңғы орынға шығарылған. Доктринада бірінші басымдық ретінде бірлік пен келісім көрсетілген. Ішкі саяси тұрақтылықты, бірлік пен қоғамдық келісімді нығайту партия жұмысының басым бағыты болып табылады. Ел ішіндегі идеялар мен адамдардың бәсекесі ел қоғамының топтасуына және саяси, қоғамдық ұйымдардың серіктестік қарым-қатынасының қалыптасуына мүмкіндік береді.  

Бұл саяси жағынан алғанда көппартиялық жүйенің болуы идеологиялық плюрализмді сақтап, бүкіл партиялық-саяси жүйенің демократиялық бағыт бойынша дамуын қамтамасыз етеді дегенді білдіреді.

Доктринаның екінші басым бағыты жаңа қазақстандық патриотизм негізінде мәдени ерекшелігімізбен дәстүрлі рухани құндылықтарды сақтау болып табылады. Жалпыұлттық жетістік әр адамның, азаматтың, отбасының жетістігінен құралады. Жалпыға ортақ жетістікке жету үшін біз сапалы өмірге, қауіпсіздікке, тең мүмкіндік және болашаққа жоспар құруға кепілдік бере отырып, әр азаматтың бойында жаңа қазақстандық патриотизмнің рухани құндылықтарын қалыптастырумыз қажет. Жаңа қазақстандық патриотизм дегеніміз – мәдени ерекшелігімізбен дәстүрлі рухани құндылықтарды, барлық этностардың теңдігін сақтау, қазақ тілін барынша дамыту, ұлттың тарихи санасын, жалпықазақстандық бірдейлікті, төзімділікті және діни сана-сезімді қалыптастыру.

Қуатты экономика Доктринаның үшінші бағыты ретінде көрсетіліп, ол азаматтарымыздың өмір сапасын арттыруда өте маңызды. Қазіргі таңда объективті жағдай мынандай: мемлекеттік аппараттың және даму институттарының есебінен ғана экономикалық даму, жаңғырту және индустрияландыру, жаңа өндірістерді ашу, инновациялық жобаларды жүзеге асыру мүмкін емес. Жеке бастама, білікті мамандар, кәсіби басқарушылар қажет. “Нұр Отан” партиясы қазақстандық экономиканың өсуін қамтамасыз ететін болашағы бар нысан ретінде мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жүйесін нығайтуды қолдайды.

Адал әлеуметтік саясатты қамтамасыз ету партия Доктринасының төртінші басымдығы болып табылады. Партия жұмысы азаматтардың әлеуметтік мүдделерін қорғау міндетін көздейді. “Нұр Отан” партиясы қолжетімді тұрғын үй жүйесін құруды, білім беру және денсаулық сақтау саласында сапалы қызмет көрсетілуін қолдайды. Көші-қон саясаты еңбек нарығында Қазақстан азаматтарының мүддесін қорғауға бағытталуы тиіс.

Доктринаның бесінші басымдығы бәсекеге қабілетті тұлға мен зияткер ұлтты қалыптастыру болып табылады. Адам мемлекеттің басты байлығы және оның дамуының барлық кезеңдеріндегі негізгі басымдығы болып қала бермек. “Нұр Отан” партиясы мемлекеттің ауқымды жаңғыртылуына белсене қатысатын жан-жақты дамыған және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыруды қолдайды. Қазақстан ұмтылған “Ақылды экономика”, білім мен жоғары технология экономикасы инфрақұрылымы азаматтардың білімге, ғылымға және инновацияға соны көзқарасын талап етеді.

Тиімді мемлекеттік басқару жүйесін қалыптастыру алтыншы басымдық ретінде белгіленген. Осы орайда мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру, жекеменшік секторға әкімшілік қысымды төмендету, жемқорлыққа қарсы күрес, жергілікті өзін-өзі басқару органдарын нығайту, мемлекеттік қызметтің сапасын дамыту және тізімін кеңейту бірінші кезектегі міндет болмақ. Бұл міндеттер партиялық ұйымдардың назарында.

Доктринаның соңғы – жетінші басымдығы елдің ұлттық мүддесін қорғау, Қазақстанның әлемге ашықтығын қамтамасыз ету, халықаралық ынтымақтастықты тереңдетуге тырысу. Бұл мүмкіндіктер көпвекторлы сыртқы саясатты жүзеге асырумен, халықаралық ынтымақтастықты, өңірдің қауіпсіздік жүйесін дамытумен, Қазақстанның халықаралық беделінің өсуімен айқындалады.

Сөйтіп, партия Доктринада баяндалған жеті басымдықта өз ұстанымдарын анық және нақты көрсетті, сондай-ақ, мемлекеттің және қоғамның өзге де өзекті мәселелерін шешуге атсалыспақ.

“Нұр Отан” партиясы елдің саяси өміріндегі өзінің үстемдігін сақтап, баршаны қанағаттандыратын жалпы игілік пен ортақ шешімге келу мақсатында белсенді саяси диалогқа дайын.

Партия Елбасының мемлекеттік бағытының мызғымастығын қамтамасыз ету және “Қазақстан – 2050” Стратегиясын тиімді жүзеге асыру жөніндегі тарихи жауапкершілікті өз мойнына алады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp