«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕРГІЛІКТІ САХНАДА әлем классиктерінің туындылары орындалды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында классикалық музыка кеші өтті.  

“Опереттамен кездесу” деп аталған концертте Киев ұлттық академиялық оперетта театрының бас дирижері Дмитрий Морозов пен Украинаның еңбек сіңірген әртісі Елена Ширяева өнер көрсетті. Дмитрий Морозовтың дирижерлік етуімен облыстық филармонияның эстрадалық-симфониялық оркестрі әлем классикасының жауһарларына айналған Дж.Россини, И.Кальман, Ф.Легар, И.Штраус, Д.Москани және тағы басқалардың туындыларын орындады. Соның ішінде Д.Вердидің “Аида”, Штраустың “Сыған бароны”, “Мәңгілік”, Ф.Легардың “Көңілді жесір” оперетталары мен Д.Боктың атақты “Шатырдағы скрипкашы” мюзиклынан орындалған үзінділер әнсүйер қауымның, әсіресе, классикалық музыка өнеріне тәнті көрермендердің көңілінен шықты. Ду қол шапалақтаудан арылмаған погодиндік сахнада сондай-ақ облыстық филармонияның камералық хоры (жетекшісі ҚР еңбек сіңірген қайраткері – Юрий Колчин) да украиналық әртістермен бірлесе өнер көрсетті.

Суретті түсірген Амангелді БЕКМҰРАТОВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp