«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕҢІМПАЗДЫ ҚАРСЫ АЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Голландияда өткен мүгедектердің Бүкілдүниежүзілік ойындарында жеңіске жеткен жерлесіміз Владимир Эрманды достары, туыстары, облыстық Спорт және туризм басқармасының қызметкерлері, “Үміт” клубының мүшелері және қаланың өзге де спорт ұйымдарының өкілдері вокзалда қарсы алды.

– Қолдау көрсетіп, мені қарсы алғандарыңызға көп рақмет! – деді Владимир Эрман қуанышын жасыра алмай. Бұл Владимир Эрманның спорттық мансабындағы екінші Бүкілдүниежүзілік ойын болатын. Бұған дейін ол Шарджа қаласындағы аталмыш сайыста өнер көрсетіп, алтын, күміс және қола медальдарды қоржынына салған еді. “Бұл жолы да ел сенімін ақтап, туған жеріне жеңіспен оралған спортшының жеткен жетістіктігі тек қана өңірдің абыройы емес, ол бүкіл Қазақстанға ортақ. Қазақстанның көк байрағы Голландияда желбіреді. Бұл – мақтаныш”, – деді өз сөзінде облыстық мүгедектер спорты бойынша аға жаттықтырушы Вячеслав Латышев.

Владимир Эрман алдағы уақытта тірек-қимыл аппараты зақымданған адамдар арасында Астана қаласында өтетін Қазақстан чемпионатында сәтті өнер көрсетіп, Рио-де-Жанейрода болатын паралимпиадалық ойындарға жолдама алу үшін тиісті көрсеткішке жету мақсатын көздейді. Ол әрдайым қолдау көрсететін облыс басшыларына ризашылығын білдірді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp