«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“НЕЛЕГАЛ” НӘТИЖЕСІЗ ЕМЕС

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық ІІД-нің көші-қон полициясының қызметкерлері күшейтілген қызмет түріне көшті. 23 қыркүйек күні республикалық “Нелегал” жедел-алдын алу шаралары басталды. 

Юрий КЛЫКОВ,  

СҚО ІІД баспасөз қызметінің инспекторы.

Көші-қон полицейлері заңсыз мигранттардың болуы мүмкін барлық жерлерде тексеру жұмыстарын жүргізуде. Вокзал, базар, кәсіпорындар және шетелдіктер тығыз орналасқан орындар ерекше назарда. Бұл іс-шара барысында шетелдіктердің құжаттары тексеріліп, қылмысқа қатысы барлығы анықталады. Сонымен бірге барлық бекеттерде жолаушылар автокөліктерін тексеру күшейтілді.

“Нелегал” іс-шарасының алғашқы күнінде-ақ Қазақстан Республикасында болу ережесін бұзғаны үшін 120 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 64 шетел азаматына уақытша болу мерзімі қысқартылды. Олардың барлығы – ТМД азаматтары. 3 шетелдік Қазақстан Республикасының шекарасынан шығару туралы сот шешімін орындамағаны үшін жауапқа тартылды.

Бұдан басқа ережені бұзып, шетелдік жұмысшыларды қызметке тартқаны үшін 10 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ іс-шараның бірінші күнінде-ақ құжаттаманы толтыру үстінде сақшылар іздеудегі екі қылмыскерді ұстады. Оның біреуі – Ресей азаматы. Бұл қылмыскерге Тула облысының ішкі істер департаменті іздеу салған болатын. Жаза басқан екінші адам заңсыз жолмен автокөлік иеленген Қазақстан азаматы болып шықты. Қазіргі таңда ұсталғандар ешқайда кетпеу туралы қолхат берді. Олардың орналасқан жері туралы іздеу салғандарға хабарланды.

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp