«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТҮБІ БІР ТҮРІК МӘДЕНИЕТІ туралы әңгіме қозғалды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірімізде тұңғыш рет Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы, “Urpaq” қазақ мәдени-ағарту орталығы” қоғамдық бірлестігі мен М.Қозыбаев атындағы СҚМУ бірігіп, түрік мәдениеті күндерінің аясында “Түрік мәдениетінің ықпалдастық әлеуеті” тақырыбында “дөңгелек үстел” өткізді. 

Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ,  

“Солтүстік Қазақстан”.

Алғаш болып сөз алған “Urpaq” қазақ мәдени-ағарту орталығы” қоғамдық бірлестігінің құрметті директоры Сағындық Салмұрзин “Түрік мәдениетінің пәлсапалық аспектілері” деген хабарламасында түрік мәдениетіне, діліне, тарихына, фольклорына тоқталды. СҚМУ-дің доценттері, тарих ғылымының кандидаттары Гүлбахша Мұсабаева мен Людмила Гривенная ортақ тарихымызға шолу жасады.

“Дөңгелек үстелде” ата-бабамыздан келе жатқан мұраны өскелең ұрпаққа жеткізу мәселесі де қозғалды. Қазіргі таңда ардагер ұстаз, “Urpaq” қазақ мәдени-ағарту орталығы” қоғамдық бірлестігі ардагерлер кеңесінің төрағасы Әлімжан Мәжитовтың бастамасымен өңіріміздің 44 мектебінде этнопедагогика пәні енгізілді. Оның арнайы оқу бағдарламасы, облыстық білім басқармасында бекітілді. Республика бойынша тұңғыш рет өңірімізде қолға алынған бұл бастаманы өзге өңірлерге де таныту үдерісі қолға алынбақ, деді Сағындық Салмұрзин. Сондай-ақ іс-шара барысында М.Қозыбаев атындағы СҚМУ доценті, тарих ғылымының кандидаты Зәуре Қартова “Түрік тілі мен жазбасының ежелгі бастауы”, “Түрік мәдениеті” қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Диляра Хасанова “Түрік және қазақ мәдениетінің өзара кірігуі”, “Коперник” облыстық поляк мәдени орталығы төрағасының орынбасары Валентина Корнева “Поляк ағартушыларының қазақ мәдениеті жайында еңбектері” тақырыптарында баяндамалар жасады. Іс-шара қорытындысы бойынша “дөңгелек үстелге” жиналғандар жасалған баяндамаларды біріктіріп, шағын кітапша шығарып, бұл жиынды кең ауқымда келесі жылы да атап өтуді ұйғарды.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp