«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ШАҒЫН ӨНЕРКӘСІП ОРЫНДАРЫНЫҢ ӨНДІРІСІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жұмыс істейтіндер саны 50 адамнан кем өнеркәсіп кәсіпорындары, негізінен, тамақ өнімдерін өндіруге мамандандырылған.

2012 жылғы қаңтар-маусымда 204 шағын кәсіпорын өнеркәсіп өнімін өндірумен айналысқан. Олар 7,2 млрд. теңгенің өнімін өндірген, ол жалпы өндіріс көлемінің 12,5%-ын құрады.

Өңірлік бөліністе қомақты үлесті Петропавл қаласы алады: шағын кәсіпорындар санының 61,3%-ы және өндірілген өнім көлемінің 78,2%-ы. Қалған көлемді аудандардағы шағын кәсіпорындар өндірген: Тайынша – 9,9%, Ғ.Мүсірепов атындағы – 3,1, Қызылжар – 2,4, Айыртау – 1,7% және т.б.

Осында салалық құрылым төмендегідей қалыптасты: өңдеу өнеркәсібі – 90,5%, сумен жабықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуы мен бөлінуін бақылау – 5,0, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау – 2,1 және кен өндіру өнеркәсібі – 2,4%.  

Өңдеу өнеркәсібінде тамақ өнімдерін өндіруге 46,9% келеді. Ол 69 тонна ет, 28 – ет консервілері, 220 – шұжық бұйымдары, 434 – өңделген сұйық сүт пен кілегей, 283 – сары май, 123 – құрғақ сүт, 236 – ірімшік және сүзбе, 141 тонна – ашытылған сүт өнімдері, 41 мың тонна – ұн, 255 тонна – жарма, 868 – жаңа піскен нан, 542 тонна ұзақ сақталатын кондитер бұйымдары, 208,1 мың литр арақ.

Тамақ өнімдерінен басқа шағын кәсіпорындар 90 тонна қағаз және кеңірдектелген қатты қағаз, 137 тонна пластмассадан жасалған есік, терезе, есікке арналған қораптар, терезе жақтауларын, 10,8 мың тонна тауарлық бетон шығарды.

Шағын кәсіпорындар машина жасауда 91,7 млн. теңгенің машиналар мен жабдықтар орнату, жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметтер көрсетіп, 50,1 млн. теңгенің ауыл және орман шаруашылығы машиналарына арналған бөлшектерін, 171,6 млн. теңгенің темір жол локомотивтеріне арналған бөлшектерін шығарды.

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру, ауа баптаумен 14 шағын кәсіпорын айналысты. Олар 146,6 млн. теңгенің өнімін өндіріп, қызметін жасады. Сонда электр қуатын бөлу мен сату көлемі 39,5 млн. теңгені құрады. Қазандықтар 22,8 мың Гкал. жылу энергиясын өндірді. Су жинау және бөлумен айналысатын кәсіпорындар жер астынан 62,1 мың текше метр ауыз суын көтерген.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp